Төменде бастауыш сынып оқушылары есептейтін арифметикалық амалдар ғана қолданғандықтан, қысқа жазған үш есепті түсінерсіздер деп ойлаймын. Егер мемлекетіміз ат-тонын ала қашпай, қазақтың осы көне ғылымын құптағанда, көп ұпай тапқан болар еді. Амал қанша, обырдай опырған мына билік тұрғанда, ол арманым сірә орындалмайтын түрі бар. Тек Сіздер біліп жүрсін деп жазып отырмын. Қанша дегенмен қазақ деген елміз ғой...
Бірінші есеп: Марқұм әкем Қамбарұлы Әлісейіттің «Есепші кәсібінен» едәуір хабары бар адам болғанын өткендегі жазбаларымда жазған едім. Сол әкем күндерді есептегенде – ата-бабаларымыздың есебі деп үш жылда бір қайталанып отыратын «Ғалам есебін» қолданатын:
28 күн × 13 ай = 364 күн (Жұлдыз есебі) × 3 жыл = 1092 күн ÷ 4 жыл = 273 күн (Үркер есебі);
29,513 күн × 37 туар ай (мыс.: 37 батыр обасы*) = 1092 күн ÷ 40 тоғыс айы = 27,3 күн;
7 күн × 13 апта = 91 күн × 12 маусым (12 жылдық хайуанаттар мүшелі) = 1092 күн;
273 күн × 7 күн = 39 амал; 364 күн × 7 күн = 52 амал; 1092 күн × 7 күн = 156 амал.
* 37 батыр немесе Көрпетай обасының осы «Ғалам есебімен» байланысы бар деп ойлаймын.
Екінші есеп: Еврейлердің «Құмыран күнтізбесі» туралы жазылған Мишмарот (Mishmarot) мәтінін байыптап зерттеу арқылы, астарынан осы «Ғалам есебінің» 6 жылдық нұсқасын таптым:
30+30+31= 91 күн × 4 маусым = 364 күн × 6 жыл = 2184 күн;
29,513 күн × 74 туар ай = 2084 күн ÷ 80 тоғыс айы = 27,3 күн;
91 күн × 7 = 13 амал; 364 күн × 7 = 52 амал; 2184 күн × 7 = 312 амал**.
** Бір еврей ғалымы бұл есепті көрген бойы «бұл қалай болғаны?» деп таң қалған еді.
Үшінші есеп: Майя-Ацтек үндістерінің күнтізбе есебін еуропалық ғылым өңін өзгертіп, адам танымастай қылып жіберді. Негізінде олардың есебі қазақтың есебіне ұқсас жері бар:
7 жыл × 260 күн = 1820 күн ÷ 5 жыл = 364 күн;
7 күн × 13 амал = 91 күн × 20 маусым = 1820 күн;
1820 күн × 3 цикл = 5460 күн ÷ 200 тоғыс ай = 27,3 күн;
1820 күн × 3 цикл = 5460 күн ÷ 185 туар ай = 29,513 күн және т.т.
Егер бұл үш есептің мәнін терең түсінгілеріңіз келсе, жазыңыздар, қолымнан келгенше қысқа түсіндіріп беруге тырысайын.