Білім теңізіне кішкене қайығыңды түсіретін бірінші сыныптың маңызды екендігін бәріміз өз басымыздан өткердік. Бірінші сыныпқа биыл барған ортаншы ұлым Әбубәкірге онлайн-сабақ ауыр тиді. «WhatsApp»-тан бір-екі минут сөйлеп жіберілген тапсырмадан түк түсіне алмай еңіреген ұлыммен бірге отырып жылағым келеді. Мұғалимасы жасырынып аптасына екі рет екі сағат сабақ өткізгені не болсын. Бірінші сыныптағы ұлым Әбубәкір бәрібір ешнәрсе түсіне алар емес. Жарайды, мұны «Тәжі-дерттің» зұлматы ғой, не істей аламыз деп жылы жауып қоярымыз анық. Бірақ, білім берудегі бұл олқылық болашақта орны опырайып тұратыны оңдырмайтын шындық болары сөзсіз. ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн құрып әуре болып жатқанда, Елбасымыз Н.Назарбаевтың Түркістан қаласына барып «Түркістанды жаңа астана ету жөнінде» әңгіме көтеруінің логикаға қаншалықты сыйымды екендігін түсінгендер бар ма араларыңызда? Сіздерге қайдам, маған бұл бүтін елді екіге бөлудің классикалық түрі сияқты көрінеді. Одан да сорақысы, шығыс пен солтүстіктегі қазақтың жерін Қытай мен Ресейге беріп, бүкіл қазақты оңтүстіктің ұлтарақтай жеріне көшірудің басы ма? Бір қазақты екі жақты билеп отырған екі биліктің бұл істерін қалай түсінуге болады?
322-ші Қара пайым-сөз: Мектептегі – екі сағат, еліміздегі – екі билік, есті тандырып барады
10 октября 202010 окт 2020
1 мин