Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

357-ші Қара пайым-сөз: Оян, қазақ! – дегенде қазақты ұйықтап жатқан түрде елестету қателік, ол ояу отыр...

Қазақтың ояу отырғанының бір дәлелін алыстан емес, жазбама пікір жазған Мейрамғазы Байжұманов бауырымның: « (Қазаққа) Президенттік те, парламенттік те басқару жүйесі емес, халықтық-ұлттық басқару жүйесі ғана керек! Ондай жүйе жоқ болса түркі мемлекеттері одағына еніп солай бас бостандығымызға қол жеткізбесек, құритын түріміз бар! Тек, толықтай емес мысалы қорғаныс, сауда, оқу-білім, мəдениет, туризм сияқты салаларда ғана. Экономика, жер ресурстары, идеалогия сияқты мәселелер тек өз ықпалымызда қалғаны абзал. (Өз ойым!)» деген пікірінен көруге болады. «Қазақтың халықтық-ұлттық басқару жүйесі» саяси сөздер терминінде бар. Ғаламтордағы дерек: https://prezi.com/n3m2uzyq0k6i/presentation/«Қазақ хандығындағы мемлекеттік басқару жүйесі. Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында «ұлттық басқару жүйесінің» қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрады. Ауылдық басқару, ата-аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат». Өткендегі жазбамда қазақтың оң аяғы осы заманда, сол аяғы өткен заманда тұр дегенде – осыны айтқан едім. Біз әлі ұлт болып қалыптаспаған жүз тайпадан, мың рудан құралған елміз. Ұлт болып құралу үшін бізге әлі уақыт керек. Бірақ сол уақыты құрғыр заманның асқынуы кесірінен тарылып, таусылып барады. Не істеу керек? Табиғатта «алмаз» деген тастың шын алмазға айналуы үшін мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдар керек. Сол себепті ол өте қымбат тұрады. Бірақ мұнай-газ бұрығылау үшін бұрғының басына қолмен жасалған техникалық алмаз тасын қолданады. Тіпті әлгі тастарды әшекей ретінде де пайдаланады. Зертханада бұл алмаз тасын алу үшін көзге көрінер-көрінбес кристаллдарды мың тонналық пресске салып, бірнеше ай бойы әлгі ұсақ тастарға сұмдық қысым жасап ұстап тұрады. О, ғажап десеңші, бірнеше айдан кейін әлгі кристаллдар кәдімгідей үлкен алмаз тасына айналып шыға келеді. Екі тастың ұқсастықтары 100 пайыз, тек шын алмаз тасы қараңғыда жылтырамайды, ал жасанды алмаз тасы қараңғыда жалтырап тұрады. Ендігі барлық мәселе, мыңдаған жылды бір айға сыйғызып, рушыл қазақты жылдамдатып – ұлтшыл қазаққа айналдыру ғана. Бұл құпияның кілті – Қазақ хандығының тарихында жатыр. Тек сол кезде ғана – ұлттық басқару жүйесіне көшуге болады...