Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

355-ші Қара пайым-сөз: Біз басымызды құмның астына тығып, денесі сыртта қалған түйеқұсқа ұқсаймыз

Кеше ғаламтордағы бір жазбада «Дикий Арман Боратты Англия мен АҚШ-тан іздеуге кірісіп жатыр» деген хабар тарап, оған көп қазақтар «Бәрекелде, жарайсың Арман және т.т.» деген қолпаштау сөздер жазыпты. Мәә, расында біздер кәмпит берсе жылағанын қоя салатын кішкене сәбилер сияқтымыз. Қысқасы айтар сөзім жоқ. Осыдан екі апта бұрын 309-шы Қара пайым-сөзімде: «Борат фильмінің 2-ші емес, 50-ші сериясы шықса да таң қалмаймын...» деп жазған едім. Бүгін «Алтын орда» газетінде: https://regtv.kz/2020/10/20/ent-zachem-obizhatsya-na-borata-esli-my-realno-otstaem-perevod-s-kazahskogo-altyn-ordy.html?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com«20.10.2020 жыл, «Зачем обижаться на Бората, если мы реально отстаем? Перевод с казахского Алтын орды»., Бауыржан Серікбаев., Abai.kz» атты мақала жарияланыпты. Бұрын «Facebook»-қа кіруге және ондағы жазбаларды оқуға уақыт жоқ кезде «Қазақ деген күшті елміз!» деп ауыз толтырып ойлайтын едім. Сөйтіп жүре бергенім жақсы екен. Қазір «қазақ туралы, ел туралы не айтса ол айтсын, шатағым жоқ, тек мен туралы ешнәрсе айтпасын» деп едірейген-күдірейген қазақтарды көріп, шошып жүрмін. Қазақ халқының мұндай жаппай жауапсыздығы, намыссыздығы тіпті қылышынан қан тамған КСРО кезінде де болмаған еді. Соңғы отыз жыл омыртқамызды опырып, біздерді омыртқасыз жәндіктерге айналдырып жіберіпті. Алысқа бармай-ақ осындағы оқырмандарымның жеңіл сөзді жазбаларымды ғана оқып, қазақтың рухын көтереді-ау деп ойлаған жазбаларымды тіпті оқымайтынын көріп, ешнәрсеге зауқым бармай қалды. «Ойбай-ау, халқым-ау, мына сұмдықтан құтылу үшін не істейміз?» – деп байбалам салғым да келмейді. Себебі ешкімге ешнәрсе керегі жоқ. «Бәріміз бір ел болу үшін емес, әрқайсымыз өзіміз ғана тоқ болсақ болды» деген қағидатпен өмір сүріп жатқан қоғамымызға бұдан 175 жыл бұрын Ұлы Абайдың сөзі өтпегенде, қаңғалақ қағып жүрген Қалдарханның сөзі қайдан өтсін. Бірақ айтқаным-айтқан, Абай өлген соң, 29 жылдан кейін қазақтың қойы емес, өзі миллиондап қырылғанынан сабақ алмаппыз. Бұл түрімізбен алдымыздағы 30 жылда «Қазақ елі» деген мемлекет әлем картасында әлі орнын сақтап тұрса, әрине қуанамын. Бірақ, Құдайдың ісінде де парадокстар болады екен-ау деп жағамды ұстайтыным анық!