Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

354-ші Қара пайым-сөз: Даудың басы «депутаттардың» жалақысынан басталмаса не қылсын!

Соңғы уақытта Есентай өзенінің жағасына қыдыруға шыққанда ұят-аятты жиып қойып, серуендеп жүрген адамдардан алақан жайып 5-10 теңге сұрап жүретін кәнігі кәсіпкер қайыршыларды емес, бұл істе ешбір «тәжірибесі» жоқ жай адамдарды кезіктіру көбейе бастады. Алдыңғы күні қазақтың бір жас қызы «еш жерде жұмыс жоқ, даяшы едім, дәмханамыз да жабылып қалды» деп, берген 5-10 теңгемізге иіліп рахмет айтты. Әйелім екеуіміз «ақша алып шыққан жоқ едік, жүр дүкеннен карточкадан төлеп нан алып берейік» деп едік, әлгі қыз көзіне жас келіп, осы бергендеріңізге де рахмет деп кете барды. Мына «Тәжі-дерт» індетіне байланысты карантин қоғамымызда бұрын көрінбейтін боқ-сідіктің бәрін ашып көрсете бастады. Халық ашыға бастағандықтан – ашына бастаған сыңайлы. Бүгін ғаламтордағы мына сілтемеден: «Во что нам обходятся Депутаты! Или «Дорогой» наш депутат»: https://yvision.kz/post/864351?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.comдеген шағын жазбаны оқығанда, алдыңғы күні көрген қазақтың қызы көз алдыма елестеді. Әлгі жазбада мынадай дерек бар:

«Каждый «депутат» обходится казахстанскому народу более чем в 100 млн. тенге ежегодно!!!

10 млн. тенге ежемесячно!!! 300 000 в день!!!

Ну, а все вместе в год 156 депутатов Парламента обходятся народу Казахстана в сумасшедшие 16 миллиардов тенге! В этой связи словосочетание «дорогой наш депутат» принимает буквальное значение!».

Бұл деректердің рас-өтірігін білу мүмкін емес. Себебі, депутаттардың қанша жалақы алатыны «құпия қызметтік ақпарат» ретінде ешқайда жарияланбайды. Әлгі жазбада еліміздің депутаттарының Парламентте ұйықтап отырған фотосуреттерінің топтамасы беріліпті. Ал енді бұл жазбаның астына жазылған комментарийлерді оқып, мүлде шошып кетесің. Депутаттардың ар-ұяты мен жүйкесі тасбақаның тас қабығындай болып кеткен екен-ау деп еріксіз бас шайқауға тура келеді. Егер еліміздегі шиеленіскен әлеуметтік жағдай осылай тереңдей берсе «даудың басы депутаттардың жалақысынан басталды» деп тарихта қалатындай бір жаман іс болғалы тұр.