Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

316-шы Қара пайым-сөз: Қ.Ә.Қамбардың «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» атты еңбегін қарастыру жөнінде

Құрметті Қалдархан Әлісейітұлы!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Сіздің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың атына жолдаған елімізде қазақ ұлттық күнтізбесін қолданысқа енгізуге қатысты хатыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Сіздің бұл бағытта жүргізген зерттеулеріңіз бен еңбектеріңізді бағалай отырып, ұсынылған қазақ ұлттық күнтізбесінің жобасы бойынша отандық тарихшы, этнограф және т.б. тиісті ғалымдардың да талқылауына ұсыну жөн деп санаймыз.

Осыған орай, Сіздің ғылыми тұжырымыңыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ғылыми қауымдастықтың пікірлерін назарға алу үшін жолданды.

Талқылаудың нәтижесі бойынша аталған Министрліктен ақпарат түскен уақытта Сізді жұмыс тәртібінде хабардар ететін боламыз. Қосымша: 76 парақ.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі /қолы/ А. Райымқұлова