ҚР БҒМ Ғылым комитеті Төрағасының орынбасары А.Б. Жаркеновқа
Құрметті Асқар Бекенұлы!
Сіздің ағымдағы жылдың 22-ақпанында жолдаған хатыңызға төмендегі ақпаратты ұсынамыз.
Бүгінгі таңда еліміз күн санауда 1582 жылы Рим папасы Григорий XIII католиктік елдерде енгізген григореандық күнтізбені қолданып келеді. Аталмыш күнтізбені дүниежүзі халықтарының басым бөлігі қолданады. Ең алғаш осы күнтізбелік санақты 1582 жылы Испания істете бастаса, осы күнге дейін ең соңғы болып Сауд Арабиясы 2016 жылдың 1 қазанында қолдана бастады.
Қазақ халқы ең ерте кезден өзінің тұрмыс-тіршілігіне қарай өзіндік күн санау тәсілін қолданып келді. Оның арғы тамыры сонау ерте Ғұн, Түркі дауірлерінен бастау алып, түркі халықтары арасында кең қолданыста болған. Дегенмен мемлекеттің саясатына, діни ұстанымына, мәдениеттердің алмасуына және басқа да түрлі себептерге байланысты аталмыш күнтізбенің қолданыс аясы тарылып, уақыт өте келе қолданыстан шығып қалды.
Қ.Ә.Қамбардың жасаған қазақ ұлттық күнтізбесі өте құнды және өзіміздің тарихымызды, салт-дәстүрімізді сақтауда, ұмытылғанды қайта жаңғыртуда таптырмайтын зерттеу жұмысы болып табылады. Қазақтың төл ұлттық күнтізбесі қарапайым халықпен қатар тарихшылардың, этнографтардың, астрономдардың және т.б. қызығушылығын тудырары сөзсіз. Осыған орай аталмыш жұмысты біз қолданысқа енгізу тұрғысынан емес, тек жеке арнаулы ғылыми тақырып ретінде зерттеу жүргізу өте маңызды деп есептейміз.
Институт директоры, филол.ғ.д., профессор / қолы/ Ә. Дербісәлі