Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, ғаламтарда – өткен аптадағы сайлау нәтижесіне наразы қырғыздардың Парламент үйі, ГКНБ және Президент әкімшілігіне басып кіргенімен қоймай, ғимараттың 4-қабатын өртеп жатқаны туралы хабар тарап жатыр. Мұның соңы тағы да электроника дүкендерін тонаумен аяқтала ма, әлде әділ сайлау өткізумен аяқтала ма, уақыт көрсете жатар. Қырғыздарың маладес, анау белорустардың бір ай бойы жасай алмай жатқан тірліктерін у-шусыз бір-ақ күнде жүзеге асырды. Қазақтарға қырғыздарға жету қайда. Анау Аблязовты айтамын да, шетелде жатып алып қазақтарды айтақтап, ақырында төлеген ақшаларын бұлдап, «жалдамалы демократтармен» қырқысқанша, қазақтарды қырғыз ағайындарға апарып, мастер-класс өткізбей ме? Шошып кетпеңіз, менікі жәй әзіл ғой. Біздің ереуілге шыққыш бірлі-жарым есалаң қазекең болмаса, жалпы қазақ қырғыздардан әлдеқайда ақылды халық қой. Жылы үйінде, құс жастықты жамбастап жатып алып, билікпен шай ішіп отырып «WhatsApp Messenger» арқылы айтысқанды дұрыс көреді. Біздің билік те әккі болып алған. Шай үстіндегі әңгіменің «қызуы» көтеріліп бара жатса, «Қазақтелеком» арқылы бүкіл ғаламторды өшіріп тастай салады. Күллі елдегі оқушылардың «Зуммен» онлайн оқып жатқанына, күйіп-пісіп, қарғап-сілеп жатқан ата-аналарға пысқырып жатқан ешкім жоқ. Билікке қазақтардың қырғыздар сияқты «Ақ Орлаға» атойлап кірмегені маңызды. Ал қалған нәрселердің бәріне түшкіре беруге болады. Бұл өмір осылай қашанғы өте берер екен күтейік...
307-ші Қара пайым-сөз: Үкіметіне басып кіретін – осы қырғыздар-ақ ешбір шаршамайтын халық екен...
1 минута
6 октября 2020