Жұлдызды аспан,күлімдеген айлы түн, Айды көрсем сейілгендей қайғы-мұң. Жұлдыздарға қараймын да тамсанам, Қуанамын естігендей әсем үн. Сыбдырлайды шөп қана дала үнсіз, Тау-тастар мүлгігендей ешбір мұңсыз. Жапырақ та сыбдырлап жаймен ғана Үн қосар иен далаға ешбір шусыз. Сан мың жұлдыз жүрекке нәр бергендей, Қол созамын оларға мен ербеңдей. Сонша ынтық болғаным ба,О- тоба! Жұлдыздарды қолмен ұстап көргендей.