Найти тему
Askar Bekov

Балаларды улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

Фото интернеттен алынды
Фото интернеттен алынды

Сот әйелдің қылмыстық әрекеттерін қатыгездікке балап, оны өлім жазасына кесті.

Қытайда Хэнань провинциясы Цзяоцзо қаласында орта деңгейдегі халық соты балабақша тәрбиешісін балаларды улағаны үшін өлім жазасына кесті, – деп хабарлады РИА Новости.

Айыпталушы Ван Юнь «Мэнмэн» балабақшасында жұмыс істеген. Тәрбиеші Сунь есімді басқа топтағы әйелмен өштесіп, оның тобындағы балалардың ботқасына өткен жылдың 27 наурызында натрий нитритін қосып жіберген.  Соның салдарынан 25 бала ауруханаға уланып түсті,  біреуі сол ауруханада көз жұмған.

Сот әйелдің натрий нитритінің адам ағзасына қаншалықты қауіпті екенін біле тұрып, оны екі рет қолданғанын айтты. Ван Юнь уланған ботқаны балалардың жейтінін білген, алайда ол өзін тоқтатпаған.

Сот әйелдің қылмыстық әрекеттерін қатыгездікке балап, оны өлім жазасына кесті.