«Қорғау-Астана» қорының басшысы Анна Рыль еліміздегі адам саудасына қатысты фактілермен бөлісті. Елімізде адам саудасының құрбаны болғандардың басым бөлігі – 18-25 жас аралығындағы қыз-жігіттер. Не болмаса 30 жастан асқан азаматтар. Бізде негізі адамды қара жұмысқа салу «жақсы дамыған». 1 139 адам осының құрбаны болды. Ал жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны 708 адам екен. Бұл дерек – 2004 жылдан 2019 жылға дейін санақ. Ал Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таевтың сөзінше, хабар-ошарсыз кеткендердің саны бүгінде 1 200-ге жеткен. Оның 22-сі бала екен. Жалпы, із-түссіз жоғалғандар дерегін іздеп табу қиын. Алайда «адам саудасының құрбанына айналып, құлдыққа түсуден ешкім сақтандырылмаған», – дейді «Қорғау-Астана» қорының басшысы Анна Рыль. Осы күнде адам саудасы өткір мәселеге айналды. Себебін қор басшысынан сұрауға тырыстық. – Коронавирус пандемиясы бізді ғана емес, бүкіл әлемді дүрліктірді. Әрбір елдің экономикасына, хал-ахуалына әсер етті. Тіпті