Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жаға ұстатар жағдай орын алды. Көгершін ауылының тұрғыны 5 жасар баласын 6 жасөспірім бала зорлағаны туралы арызданған. Бұл туралы aikyn.kz тілшісіне зардап шеккен баланың жақындары жеткізді. Айтуға ауыз бармайтын арсыздықтың құрбанына айналған баласына араша сұраған ана қазір мектеп басшылығы тарапынан қылмысты жасыру үшін пара ұсынылып жатқанын айтады. Анасы бала күтімімен отырғандықтан бізге сексуалдық сипатта зорлық көрді деген баланың әпкесімен тілдесудің сәті түсті. – Негізі бұл оқиға 20 қыркүйек күні сағат 16.00-дер шамасында орын алған. Ауылдың алты баласы інімді ескі қораға кіргізіп, зорлық көрсеткен. Олардың үлкені 12 жаста болған. Анам бұл туралы бірден білмеген. Інім ауырып тұрғанын айтқаннан кейін жедел жәрдем шақыртқан. Алайда Т.Рысқұлов ауданынан да, жақын маңдағы Меркіден де жедел жәрдем келе қоймайды. Содан Тараз қаласына қоңырау шалып, жедел жәрдем 2 сағаттан кейін келген. Фельдшер маман баланы дәл сол кезде қарағанымен дәрігер болм
«5 жасар баламды 6 жасөспірім зорлады» – ана араша сұрауда
24 сентября 202024 сен 2020
8
4 мин