Киіз үйді тастап, кірпіш үйлерге көшкеннен бастап, қазақтар ғимарат соғуды тамаша меңгеріп алды. Әсіресе астанамыз Нұр-Сұлтанда ғимаратқа тұғыртас орнату үшін 2-3 қабат үйдің тереңдігіндей қазаншұңқырлар қазатынын өз көзіммен көргенде, шынымен де таң қалдым. Біздің мемлекетіміздің тұғыртасы – Ақ-Орда, Парламент, Үкімет, Жоғарғы Сот және т.б. екендігі белгілі. Қазіргі Қазақстан – күллі әлем елдері сияқты ежелгі Рим империясы белгілеген бекем тұғыртастың үстінде тұрғаны ақиқат. Бірақ үш мың жыл бұрын ойлап табылған бұл көне тұғыртас табиғи заңдылыққа сәйкес тозып, үгітіле бастағаны байқалады. Әр ел өзінше қам жасап, тұғыртасты күрделі жөндеуден өткізудің жолдарын өздерінше тауып, жамап-жасқап жатқан жайы бар. Қазақтар да құр қалмай – Қазақстан халықтарының Ассамблеясын ойлап тапты. Біз бен сіздің қалтаңыздан қаражат бөлінетін бұл халықтық орган – классикалық тұғыртастардың ішіндегі нағыз «нон-сенс» билік тармағы. Питер шал Алматыға келген соң Қазақстанды көлденеңінен де, ұзынынан да зерт
299-шы Қара пайым-сөз: Еліміздегі бүкіл ғимараттардың тұғыртасы бар, ал мемлекетімізде ше...
23 сентября 202023 сен 2020
2
1 мин