Бұл хикая Жапон елінде болыпты. Токионың ең атақты газеттерінің бірі өзгеше хабарландыру басыпты. Мазмұны мынадай: «Әке-шеше сатам. Әкем 70, анам 65 жаста. Бағасы –мың иен. Бір тиын да түспеймін!» Хабарландыруды оқыған адамдар таң қалысады. «Сұмдық-ақ, ақырзаман деген осы екен-ау, енді балалар әке-шешесін сататын болған ба?» Кейбіреу оған: «Билік мұндайға қалайша жол берген» — деп кейіпті. Хабарландыруға байланысты көп шу шығады. Жұрт біршама уақыт бойы дүрлігеді. Оны үйде, көшеде, жұмыста, бүкіл ел болып ортаға салыпты. Осы хабарландыру берілген газет, бір жас отбасының шаңырағына да келіпті. Олар жуырда ғана көлік апатынан қайтыс болған ата-аналарының асын беріп болған екен. Жоқтау айтып, қайғырып отырған жас отбасы өзге біреудің ата-анасын сатқысы келгенін хайуандық деп бағалайды. Байқұс ата-ана қандай күй кешіп жатыр екен деп қатты уайымдайды. Мұндай ұрпақтан не жақсылық күтуге болады. Жас отбасы сол хабарландыруды алып, қартайғанда бейшараның күйін кешіп, туған баласы бас тартқ