Кеше кенже балам Омарды Есентай өзенінің құбыла жағынан ашылған жаңа балалар алаңына ойнатып, өзім бір қазақ келіншектің жанына барып орындыққа отырдым. Ананы-мынаны әңгіме етіп отырып, 1930 жылдардағы ашаршылықты, 1941 жылдардағы соғысты көрген оның әкесі мен менің әкемнің тағдырлары ұқсас болғандықтан, қас қарайғанша әңгіме айттық. Сол келіншектің әңгімесі: «Ашаршылық кезінде әкем 20-дан енді асқан жігіт екен. Аштықтан өлген қазақтарды Алла ризашылығы үшін көміп жүргенде, сол өлкенің атышулы байларын да көмген кездері болыпты. Сол байлардың жанында тай тұяқ алтындары шашылып жатады екен. Сонша жинаған алтындарын тіпті ат жейтін бір уыс сұлыға да айырбастай алмай арам өліп бара жатқан соң, әлгі байлар ашуланып алтындарын шашып тастайды екен. Өздері де аштықтан бұратылып жүргендіктен әкем де, қасындағылар да әлгі алтындарды ауырсынып алмай, әлгі баймен бірге көміп тастап кете береді екен». Атамыз қазақтың «арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» деген әңгімесі тегін айтылмаған ғой. А
293-ші Қара пайым-сөз: Қазіргі қазақ байларына арамнан жинаған дүниелері бұйырмайтын сияқты болып сезіледі
22 сентября 202022 сен 2020
2
1 мин
