Мөңке би мынадай түс көреді: «Үш жолы бәйгеге 40 ат, 30 ат және 5 ат қосады. 75 аттың ішінен біреуі ғана бәйге сызығын әзер кесіп өтеді. Бірақ келген бойы әлгі ат пышаққа ілігіп, адал бауыздап ішін жарғанда, әуелі арыстан, арыстаннан адал құлан, адал құланнан қасқыр, қасқырдан түлкі, түлкіден қоян шығып, құла дүзге тұра қашады». Мөңке би түсін Сырымға жорытпақ болғанда, ол түс жоруды Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді жөн көреді. Бірақ, Мөңке бидің қызы би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: «Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді… Сонда да айтайын. Түс адал түс, қияли түс, шайтани түс деп үшке бөлінеді. Мұның қай түс екенін білмеймін, бірақ түстің шешуі мынадай: «Мұсылманның 40 парызы орындалмайтын, 30 күн ораза ұсталмайтын, 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені – бес уақыт намазды біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді. (Құлан мен арыстан – Жошыханды құлан шайнап өлтірген соң) ұрпақтары қасқырға (елді тонап-жейтін зорлықшыл заман туады), одан түлкіге (алдаушы мен арбаушы көп бұлаңдаған заман туады), одан қоянға (ұрпақ үрейленіп өсіп, көлеңкесінен қорқатын заман болады) айналатын заман туады депті. «Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, үш рет шақырғанда менің зорға келуімнің сыры осында еді» депті дейтін аңыз бар. Мөңке биден бергі заман расында осы түстегідей болып шықты. Бірақ ол әйелдің жорығанынан емес, заманның жаппай өзгеруінен болды деп ойлаймын...
292-ші Қара пайым-сөз: Мөңке бидің түсін қызы жорығаннан заман өзгерген жоқ, заманды біз өзгерттік
22 сентября 202022 сен 2020
1 мин