«Sabitkhan Sarsenbaev: Qaldarhan үшін осы бейне жазбаны тауып салып отырмын. Ал енді Хиуа, Қоқан және Бұқара хандығы халқының 50%-ын Алтын Орда және Қазақ Ұлысының рулары құраған екен. Бірақ дін миссионерлерін (қожаларды) – Ақсүйек деген сөз айтылмайды. Бұл туралы не дейсіз». Сәке, біріншіден жазған хатыңыздың мазмұны оқырманға түсінікті болуы үшін аздап редакциялап едім, қате жазсам дереу дұрысын айтарсыз. Екіншіден бұл жазбадан «қожалар» мен «төрелерді» жан-тәніңізбен жек көретініңізді көрсетіп, олар «ақсүйек» емес деп отырған сияқтысыз. Төменде мен келтірген қазақы шежіре мәтіні – қазақ википедиясынан қаз-қалпында алынған мәтін. Оны түзеу-түземеу Сіздердің қолдарыңызда. Сіз жариялаған бейнежазбада «қожа, төре» деген атаудан маңызды тұсы бар. Қазақтар да түсінетін өзбек тілінде 92 баулы өзбек деп – қазіргі Өзбекстан жеріндегі 92 тайпаның атауын таратып айтады. Оның ішінде – Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қатаған, Қыпшақ, Қырғыз, Қият, Қаңлы, Керей, Маңғыт-ай, Меркіт, Табын, Тама, Рамадан, Кердері, Ұйғыр, Қожалар деп айтқан тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында да бар. Негізі бұл 92 тайпаның 4 түрлі атауы Жошыхан Ұлысының тарихын баяндайтын «Маджму ат-Таварих» және «Тухфат ат-таварих-и хани» атты ескі кітаптардан келтірілген. Мен осы шатасқан тарихты өткен ғасырдың 90-шы жылдарында зерттей бастаған едім. Мысалы, Қазақстанда Қоңыраттың «Көтенші» және «Көктің ұлы» деген екі атасы ғана бар болса, Өзбекстанда Қоңыраттың 66 кіші руға бөлінген «Оқтаңбалы, Құстаңбалы, Қанжығалы, Айнни, Төртулы» деген бес атасы бар. Бұдан басқа біз білетін Қоңыраттан шыққан «Алпамыс батыр» Өзбекстанның Жиделі-Байсын деген жерінен шыққан. Найманның үлкен бабасы Өкіреш пен Үлкен жүздің ұлы биі Төле би – Өзбек жеріне жерленген. Түркістан Республикасы құрылғанда, астанасы – Ташкент болған. Қазақтың көне тарихының бір ұшы неге – өзбек жерінде жатыр? Ең басты жұмбақ, атамыз қазақ «Қазақ-өзбек бір туған, пәленше итті кім туған» деп неге айтқан?! Егер қаласаңыздар, осы туралы жазайын. Жоқ, ол жайды сенсіз де білеміз десеңіздер үндемей қоя салайын...
289-шы Қара пайым-сөз: Атамыз қазақ «Қазақ-өзбек бір туған, пәленше итті кім туған» деп неге айтқан?!
20 сентября 202020 сен 2020
1 мин