Көпшілігіміз қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бір танымды білдіреді деп ойлайтындықтан, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп бірге қосып сөйлейміз. Этнограф, филолог ғалымдарымыздың сөзіне сенсек бұл екі таным былай жіктеледі екен: 1) Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша: «адәт» және «урф») көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған; 2) Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Әрине бұл танымдардың бір-бірімен ұқсастығы бар екенін жоққа шығаруға болмайды, сол себепті қазіргі кезде «мынау әдет-ғұрыпқа жатады, мынау салт-дәстүрге жатады» деп бөліп жармай, екі танымды бір қазанға салып қайнатып, ортақ ботқа жасап алғанымыз шындық. Қазіргі уақытта қазақ ғаламторында «тұрмысқа шыққан қалыңдық, қыз жолдасының «жұмсақ жерінен» (көтенінен) тепсе, ол да көп ұзамай тұрмысқа шығады екен» деп, қазақтың екі қызы бұл «жаңашыл» салт-дәстүрдің іс жүзінде қалай орындалатынын бейнежазба түрінде көрсетеді. Әншейін әзіл етіп шығарған ғой дейін десең, қыз жолдасының қалыңдыққа кәдімгідей «жұмсақ жерін» тосып, дұрыстап тепсеңші деген сөздерін есітігенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Осы бейнетаспаны көргеннен кейін, төменде барынша қысқартып жазып шыққан әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлерімізді ерінбей нөмірлеп шықтым (52 дәстүр). Жылдар жылжып өткен сайын, ата-бабаларымыздан қалған әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер – қазақтың көне сөздері сияқты «архаизмге» ұшырып жылдам ұмытылып жатыр. Төменде бір-біреулеп теріп шығып, бір жолға сыйдырып жазып шыққан қазақтың танымдық әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің топтамасын келтіріп отырмын.
286-шы Қара пайым-сөз: Қазақтың танымдық әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін жаңадан ойлап тапқан дұрыс па?
19 сентября 202019 сен 2020
1 мин