Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

285-ші Қара пайым-сөз: Өз руыңызға және жеті ата шежіреңізге қатысты әулетіңіздің тізімін келтіру мысалы

Қазақтың тайпа-рулық және жеті ата шежіресіндегі ата-бабаларымыздың буын атауының белгілі бір қалыптасқан жүйесі (атаулары) жоқ. Осы себепті аталған тақырыпқа қатысты әдебиеттерде ата-бабалардың туыстық қатынастар өрбитін буын атаулары әрқалай аталады. Тіпті бұл атаулардың ішінде бір-біріне қайшы келіп жатқан атаулар да баршылық. Оқырмандарымның бұл мәселенің ақ-қарасын айыруы үшін өз руыма және жеті ата шежіресіне қатысты төмендегі тізімді келтіріп отырмын. Бұл тізімнің соңындағы бос орынға (Сіздің рудың атауы) өз руыңызға және жеті ата шежіреңізге қатысты әулетіңіздің тізімін келтіруге болады. Кесте түрінде жасалған қазақтың тайпа-рулық және жеті ата шежіресіндегі ата-бабаларымыздың буын атаулары маған байланысты емес техникалық себептермен, «Facebook» парақшасында (https://www.facebook.com/qaldarkhan.qambar/) дұрыс түзілмей жатыр. Сол себепті, бұл кестені ыңғайлы және түсінікті түрде алғыларыңыз келсе, парақшамның сол жақ қапталындағы WhatsApp-қа хабарласыңыздар. Бұл кестені өздеріңіз көрсеткен почтаға салып жіберемін.

Ұрпақ саны: Буын атауы: Өз мысалым: Жыл есебі: Сіздің рудың атауы:

+ 20-шы ата Тумақ Қоңырат ≈ –500 жыл

+ 19-шы ата Тармақ Нағанай ≈ –475 жыл

+ 18-ші ата Таралым Мелдеби ≈ –450 жыл

+ 17-ші ата Қалыс Құдайберген ≈ –425 жыл

+ 16-шы ата Жаран Сұпы ≈ –400 жыл

+ 15-ші ата Зәузат Мүлкіаман ≈ –375 жыл

+ 14-ші ата Әулет Бейімбет ≈ –350 жыл

+ 13-ші ата Өркен Қаба ≈ –325 жыл

+ 12-ші ата Түп-тұқиян Маңғытай ≈ –300 жыл

+ 11-ші ата Баба түп Елімбет ≈ –275 жыл

+ 10-шы ата Ұлы баба Қожағұл ≈ –250 жыл

+ 9-шы ата Баба Жылқыайдар ≈ –225 жыл

+ 8-ші ата Түп ата Сатыпалды ≈ –200 жыл

+ 7-ші ата Тек ата Дандай ≈ –175 жыл

+ 6-шы ата Ұлы ата Бөрібай ≈ –150 жыл

+ 5-ші ата Үлкен ата Маңқозы ≈ –125 жыл

+ 4-ші ата Арғы ата Марал ≈ –100 жыл

+ 3-ші ата Бергі ата Байқабыл ≈ –75 жыл

+ 2-ші ата Ата Қамбар ≈ –50 жыл

+ 1-ші ата Әке Әлісейіт ≈ –25 жыл

±0 ұрпақ Бала Қалдархан ≈ ±0 жыл Сіз:

– 1-ші ұрпақ Немере Әли және т.б. ≈ +25 жыл

– 2-ші ұрпақ Шөбере Ақсұңқар ≈ +50 жыл

– 3-ші ұрпақ Шөпшек ≈ +75 жыл

– 4-ші ұрпақ Немене ≈ +100 жыл

– 5-ші ұрпақ Қияжат ≈ +125 жыл

– 6-шы ұрпақ Туажат ≈ +150 жыл

– 7-ші ұрпақ Жүрежат ≈ +175 жыл

– 8-ші ұрпақ Тумайжат ≈ +200 жыл

– 9-шы ұрпақ Өлежат ≈ +225 жыл

– 10-шы ұрпақ Құлажат ≈ +250 жыл

– 11-ші ұрпақ Жұрағат ≈ +275 жыл

– 12-ші ұрпақ Жатжұрағат ≈ +300 жыл

– 13-ші ұрпақ Жекжат ≈ +325 жыл

– 14-ші ұрпақ Жамағат ≈ +350 жыл