Егер отбасымызда ұл-қыз өсіріп отырған болсақ Сіз бен біз уақыты келгенде бір дерлікте жоғарыда айтқан жігіттің үш жұртына айналатынымызды жақсылап түсініп алуымыз керек. Әлден бастап жігіттің үш жұрты болуға дайынбыз ба, лайықпыз ба, сол туралы ойланып жүруге тиіспіз. Өз жұртыңыз, қайын жұртыңыз және нағашы жұртыңыздың қай-қайсысы болсын, үшеуі де бір-біріне тәуелсіз түрде, жеті атадан құралатыны белгілі. 1928-33 жж. аралығындағы Ұлы ашаршылықта қазақтың көп әулеттерінің ошағының оты өшіп, ұрпақтар жалғастығы тоқтағаны белгілі. Қолдан жасалған осы кесір-кесапат пен зұлматқа душар болған қазақтың қазіргі кейбір отбасылары тек арғы түпкі аталары (мысалы, Арғын тайпасының ішіндегі Атығай не Қарауыл) мен бергі үш атасын ғана біледі. Осындай отбасылармен құда болғанда, түп тегін білмейтін отбасымен құда болдық деп қамығып «ескі жараның» аузын тырнамай, бұл жайға түсіністікпен қарауға тиіспіз. Атамыз қазақ «орнында бар оңалар» деп тегін айтпаған, еліміз-жеріміз аман болса, мұндай әулеттерде
279-шы Қара пайым-сөз: Бүкіл ұлттық құндылықтарымызды нөмірлеп, инвентаризация жасағанның айыбы жоқ
19 сентября 202019 сен 2020
2 мин