Бүкіл әлем болмысы өзгеріп жатқан бүгінгі заманда, қазақтар туысқандық қасиетті тәрк етпей, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне кенедей жабысып алуы тиіс. Өкінішке орай, екі қазақтың біреуі туысқандық қасиет пен жеті атаның мәнін жете біледі, осы да жаңалық болып па деушілер арамыздан табылар. Бірақ осылай ойлауға жол берудің өзі үлкен қателік және астамшылық болады. Төмендегі туыстық атаулар мен басқа да жазылатын нәрселерді көп қазақтың білмейтінін мойындауымыз керек:
1. Бір отбасындағы туыстық атаулар:
1) Ата – баланың әкесінің және анасының әкесі
2) Әже – баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі, одан арғылары ұлы әже деп аталады
3) Әке – баласы бар ер адам
4) Ана – балалы әйел, туған шеше
5) Аға – бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені
6) Іні – бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі
7) Бауыр – бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі
8) Әпке, апа – бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені
9) Сіңілі – бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі
10) Қарындас – бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар