Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

281-ші Қара пайым-сөз: 3. Жеті ата шежіресі бойынша туыстық атаулар:

36) Немере – ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз

37) Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан:

а) немере аға; ә) немере іні; б) немере қарындас болып бөлінеді

38) Ағайынды кісінің қыздары да туыстық жақындығы жағынан:

а) немере апа; ә) немере сіңлі болып бөлінеді

39) Шөбере – атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ

а) Қазақтың дәстүрлі қоғамында «шөбере» немереден таралған ұл-қыздардан құралады

40) Шөпшек – атадан тараған төртінші ұрпақ

а) немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды

ә) сол себепті «шөпшекті» кейбір жерлерде «туажат» деп те атайды

41) Немене – қазақтың дәстүрлі қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ

42) Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала

а) жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы

ә) қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады

43) Туажат – қазақтың дәстүрлі қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы

а) туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын

ә) туажат – бір атаның баласы саналғанымен, кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтайды

44) Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым

а) жеті атасынан туысқандардың үлкені кішісін «жұрағат» дейді

ә) әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі «жұрағат» дей береді

45) Жекжат, жамағайын, жамағат – бір-біріне құдандалық т.б. жақындығы бар адамдар

а) жекжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды

ә) жекжат – тіке туыстығы жоқ, бірақ нағашы, жиен, құда т.б. қатысы бар адамдардың жақындығын білдіретін атау

б) олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды