Мына жалған дүниеде барлық нәрсе, тіпті бір заттың екінші заттан артықшылығы оларды бір-бірімен салыстырғанда көрінеді. Қазіргі уақытта не көп, әлеуметтік желі көп. 2008 жылы АҚШ-та әлем ғалымдары бір-бірімен еркін ақпарат алмасу үшін «Academia.edu: https://ru.wikipedia.org/wiki/Academia.eduатты осы «Facebook» сияқты әлеуметтік желі ашқан болатын. Қазір оған күллі әлемнен 62 млн. пайдаланушы тіркелген. 2018 жылғы 21-қазан (Майя күнтізбесінің қазіргі заманғы кодификациясына жаңа көзқарас – Новый взгляд на современную кодификацию Календаря Майя – New look at the modern codification of the Mayan Calendar) мен 2020 жылғы 25 шілде (Әлемнің күнтізбелер жүйесіндегі жүз жылдық жаңылысу – Сто лет заблуждения в календарной системе мира – One hundred years of delusion in the calendar system of the world) күні аралығында осы веб-сайтқа ағылшын-орыс-қазақ тілінде аралас 74 мақаламды жарияладым. Соңғы екі ай бойына «Academia.edu» сайтына ешбір мақала жазбасам да, әлемнің әр түрлі елдерінен, әртүрлі ғылым саласындағы ғалымдар «ескі мақалаларымды» әлі де оқу үстінде екенін осы қазір сол әлеуметтік желідегі өз парақшамды ашып қарағанда көрдім (https://independent.academia.edu/KaldarhanKambar). Бұл сайтта жарияланған кейбір мақалаларымның сілтемелері «Facebook»-тағы парақшамның сол жақ қапталында тізіліп тұр. «Academia.edu» сайты мен «Facebook» сайтындағы оқырмандарымды бір-бірімен салыстырып қарасам, араларыңыз жер мен көктей. «Academia.edu» сайтындағы оқырмандарымды тек қана ғылыми және танымдық мақсаттағы мақалалар ғана қызықтырады. Ал Сіздерді керісінше тек қана арзан ойын, жеңіл-желпі әңгіме, бос ырқыл-жырқыл жазбалар ғана қызықтырады. Шіркін, Қазақстанда сол «Academia.edu» сияқты ғалымдарға арналған сайт болса, Сіздердің миларыңызды ашытпай сонда отырар едім деп армандаймын. Көріп отырмын, Қазақы тоғыз танымның небәрі үш танымын жазған жазбамды оқығаннан кейін көпшіліктеріңіз болдырып қалдыңыздар. Шекелеріңіз қысылып, қарақұстарыңыз тартып, мына Қалекең не тантып кетті өзі – деп парақшамнан қашып кеткендеріңіз қаншалық. Қазақтың кемшілігі осылайша оны басқа халықтармен салыстырғанда көрінеді – деп жазбамды аяқтамақшы едім, ойымды тап басып оқығандай, белсенді оқырманым Айжарық Ерали: «Қалеке, тақырыбыңыз жай оқи салатын әңгіме емес. Біраз уақыт арнауды талап ететін дүние. Және қызықты да терең тақырып. Тосын деректерді қорыту үшін біз сияқты атүсті оқитындарға уақыт керек. Келешек үшін керек дүниелер. Жаза беріңіз» деп дем беріп хат жазып, оны Дидар Бегалиев курстасым: «Өте орынды!» деп қолдапты. Бұған да Аллаға шүкір, әйтпесе, «әй, осы біздің ел болуымыз қиын-ау» деп депрессияға түсіп қалуға сәл-ақ қалған едім...
276-шы Қара пайым-сөз: «Әй, осы біздің ел болуымыз қиын-ау» деп депрессияға түсіп қалуға сәл-ақ қалған едім...
18 сентября 202018 сен 2020
2 мин