Қазақтың көпшілігі айналып келгенде өз перзенттерінің мына қатыгез өмірде бақытты өмір сүргенін қалайды. Оны сынап-мінеуге болмайды. Біраз оқырмандарым өз перзенттеріме эксперимент жасап жатқанымды дұрыс көрмей сынға алыпты. Адамшылық жақтан ол пейілдеріне, жанашырлықтарына рахмет. Бірақ жоғарыда келтірген қазақ халқының қысқа тарихына қарап отырсаң, қаншама хандарымыз өзін де, перзенттерін де құрбандыққа шалып, елі мен халқы үшін жандарын пида еткенін көреміз. Ол әншейін әдемі сөз үшін үшін жазылған тарих емес, ол шынында да солай болған. Бір мысал келтірейін. Қазақ ордасына қарсы XVI ғ. өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид соғыс ашты. Һижра, 944 жылы 9 сафар, сейсенбі (милади, 1537 жылғы 27-шілде) күні Сан-Таштағы (Ыстықкөлдің шығысы) соғыста Әз-Жәнібек ханның немересі, Жәдік Сұлтанның ұлы Тоғым хан бастаған қазақ-қырғыз әскері, Қазақ Ордасының 37 сұлтаны және Тоғым ханның ержүрек тоғыз ұлы түгел қаза тапты. Мұнша қазақ не үшін қырылды?! Қазақтың тіл мәселесі жалғыз Қалдарханның
273-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың тілі – халық қолдамаса, мемлекеттік бағдарламалармен көркейіп кетпейді
17 сентября 202017 сен 2020
1
1 мин