Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

272-ші Қара пайым-сөз: Қазақ тілі грамматикасының – бірінші бөлімі

272-ші Қара пайым-сөз: Қазақ тілі грамматикасының – бірінші бөлімі

Қазақтар нақты түркітілдес этнос ретінде Орталық Еуразияны (Дешті-Қыпшақ даласын) мыңдаған жылдар бойы мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Бүгінгі әлемге белгілі қазақ ұлты ретінде Алтын Орданың заңды мұрагері – Қазақ хандығының 15 ғ. құрылуымен танылды. Тілдік құрылымы жағынан түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына (қыпшақ-ноғай тармағына) жатқызылған. Орта ғасырларда Шыңғысхан империясының араб және парсы елдерін жаулап алуына байланысты, қазақ тіліне көптеген араб-парсы сөздері енген болатын. Қазіргі жаһандану заманында қазақ тілінің сөздік қорына әлемдік маңызға ие болған ағылшын тіліндегі ғылыми, экономикалық, саяси, ІТ-технология және т.б. салаларындағы термин сөздер көптеп енуде.

Қазақ тілі – қазақ халқын танудың бірінші алғышарты

1. Қазақ тілі – түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының көне тарихымен тамырлас

2. Қазақ тілінің қалыптасуы VІІІ-ХІІ ғғ. Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталады

3. Қазақ тілі – XV-XIX ғғ. Қазақ Ордасының тұсында халықпен біте-қайнасып қалыптасты

4. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл

5. Қазақ тілі – қазақ елінде және одан тыс елдерде тұратын қазақтардың ана тілі

а) Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Қырым, Өзбекстан, Ресей, Иран

6. Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына, қыпшақ-ноғай тармағына жатады

а) қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын

7. Қазақ тілі – солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерде үш диалектіге бөлінеді

8. Қазақ тілі – үйренуге шын ниет етіп, ден қоюшылар үшін оңай меңгерілетін тілге жатады

9. Қазақ тілінің фонетикасы буын үндестігіне негізделеді

10. Қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді

11. Жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт)

12. Жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

13. Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі