Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

264-ші Қара пайым-сөз: Қазақ тілінің қазіргі қалыптасқан грамматикасы – кімдер үшін жазылған деген ой келеді

Сіздер мен жазып жатқан «Қазақтың тоғыз танымы, сегіз сенімі және жеті жетістігі» атты жазбаларымда, Қалекең ойынан құрастырған тың идеяларымен бөлісетін болар деп қате ойлап қалған көрінесіздер. Бірақ, негізінде қазақ халқы өзінің мыңдаған жылдық тарихында ойлап тапқандардан артық бірнәрсе ойлап табамын деу барып тұрған ақымақшылық іс. Мен тек осы шашылып жатқан және ешқашан бір ізге түсіріліп жүйеленбеген қазақы мұраларды ғұлама Питер Мейер үйреткен формулалар негізінде жүйелеп берумен ғана шектелемін. Тек ара-арасында – ұлттық танымымызға, сенімімізге және жетістігімізге қатысты ойларыммен бөлісіп, түсініктемелер жазып отырамын. Егер бұл істі, тәйірі сол да қиын болып па, оп-оңай іс қой, ақпаратты ғаламтордан аласың да, парақшаңа орналастыра бересің – деп ойласаңыз, онда қазақы тоғыз танымның келесі төртінші, бесінші және т.т. тақырыптарын, мен әлі жарияламай тұрғанда тізіп келтіріп көріңіз. Өз перзенттеріме жүргізіп жатқан эксперименттердің нәтижесінде мынаған көзім жетіп отыр. Қазақ тілін үйренудің ең төте бірінші жолы, бір сөз, екі сөзді аз-аздан қосып қазақша сөйлей беру, екінші жолы қазақ тілінде сауатты жазылған әдеби кітаптарды көптеп оқу. Осы жерде Сіздің басыңызда сонда қазақ тілінің қазіргі қалыптасқан грамматикасы қайда қалады? – деген ойдың жылт ете қалғанын көріп тұрмын. Өз басым, қазақ тілінің қазіргі қалыптасқан грамматикасын зияттылық коэффициенті (IQ – коэффициент интеллектуальности / intelligense quotient) өте жоғары өзге ғарыштықтар (инопланетянин) болмаса, жай адамның меңгеруі қиын-ау деген ойдамын. Сөзім жалаң болмас үшін басымды қатырып қысқартып, жүйелеп келтірген төмендегі қазақ тілінің қазіргі грамматикасымен танысып шығыңыз. Пікіріңізді содан кейін айта жатарсыз...