79. Баяндауыш
а) Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейді
80. Күрделі баяндауыштар
а) Бірнеше сөзден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейді
81. Толықтауыш
а) Бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш деп атайды
ә) Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста болады
82. Анықтауыш
а) Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш деп атайды
ә) Анықтауыш – лексикалық, грамматикалық дербестігі бар түрде тұрақталған синтаксистік категория
83. Пысықтауыш
а) Сөйлемде істің жай-күйі, сын-сипаты т.б. білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш деп атайды
ә) Мекен, мезгіл, себеп, амал (сын-қимыл), мақсат және сан-мөлшер пысықтауыштары
84. Стилистика
1) Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетеді
2) Стилистика – тіл білімінің қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы
3) Стилистика – фонетика, лексика, грамматикалық тәсілдерді қолданудың қағидатын реттейді
4) Стилистиканың зерттейтін саласы – стиль, стиль – тарихи категория
5) Стиль әдеби тілдің бір түрі, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа өмір сүреді
6) Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілері стиль салаларын тудырады
7) Стиль қоғамдық қызметтің бір саласы ретінде пайдаланылады
8) Стилистика ғылымын меңгеру өз жазу стиліңіздің қалыптасуына алғышарт жасайды