Қазақ шежіресі туралы осы күнге дейін 281 кітап шығыпты, ұйымшылдықтары мен қаражаттары жоқ болғандықтан, әлі шықпағандары қанша: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_шежірелерінің_тізімі Мысалы, өзім жазған «Маңғытай-Дандай: Бөрібай шежіресі» бұл әдебиеттердің арасында жоқ. Жалпы құлақтарыңыз әлі дұрыс қабылдай алмай жатқан «Қазақтың тоғыз танымының – екінші танымы» деп қазіргі уақытта белгілі болып отырған «Қазақ халқының тарихи шежіресін» жариялап отырған себебім, біздер ең әуелі «қазақ» деген ұлттың ақ-қарасын толық дұрыс ажыратып алуымыз керек. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, Sabitkhan Sarsenbaev деген оқырманым: «Ұлы жүз емес – Үлкен жүз. Әскери Одақ. 1. Оң қанат (Үлкен жүз – Түмен); 2. Орта қанат (Орта жүз – Түмен); 3. Сол қанат (Кіші жүз – Түмен, Түмен – он мың әскер). Ұлы болу үшін – арабтар сияқты дін ойлап табу керек. Ш.Уалихановтың очеректерінде және шет ел жазбаларында «Үлкен жүз» деп жазылған. «Қыз Жібек» фильмі түсірілгенде алғаш рет – «Ұлы Жүз» деген сөз қолданылды. Қазақ
260-шы Қара пайым-сөз: Қазақ халқының тарихи шежіресін неге нөмірлемегенім туралы айтайын
17 сентября 202017 сен 2020
2
1 мин