Төменде беріліп отырған бүгінгі бар қазақ халқының «Қазақы тарих шежіресіне» [1] қатысты бір-екі ойыммен бөлісейін. Бүгінгі қазақ тайпалары мен руларының (кіші рулар жақша ішіндегі санмен берілген) көпшілігі Шыңғысхан империясының құрамына енген 60 тайпаның жұртынан құралғаны анық көрініп отыр. Орта жүздің Найман мен Уақ тайпаларының құрамындағы «Ергенекті» деген сөз ежелгі замандағы «Ергене қон» ұғымымен тығыз байланысты деп білемін. КСРО кезіндегі тоталитарлық режимнен есеңгіреп шыққан еліміз соңғы 30 жылда толықтай «есін жиып, етегін жауып» үлгерген жоқ. Соңғы 80-85 жыл шамасында, қазақ халқы аса үлкен шығынға ұшыраған жоқ. Бұл уақыт аралығында геометриялық прогрессия заңына сай жуық түрде 4 буын ұрпақ ауысты. Иншаллаһ, Алла көп көрмесін, айтпағым қазақтың саны толассыз өсіп жатыр. Мысалы, төмендегі Қоңырат шежіресінде 100-200 жыл бұрынғы «ескі шежіре үлгісіне» сай 13 ру ғана келтірілген. Бірақ, менің шежіреші ағам Бекбатыр Айменовтың айтуынша қазір Қоңырат тайпасында – 40 ру бар (Қырық рулы – Қоңырат тайпасы): 1. Ақболат; 2. Аққошқар; 3. Алғи; 4. Алти; 5. Аманбай; 6. Байқошқар; 7. Байлар-Жандар; 8. Божбан; 9. Борай; 10. Досымқұл; 11. Жаманбай; 12. Жартыбас; 13. Жары; 14. Жауғашты; 15. Жәни; 16. Жетімдер; 17. Жиенбет; 18. Кенегес; 19. Киікші; 20. Көтен; 21. Қайрақ; 22. Қаракөсе; 23. Қараша; 24. Қира; 25. Қоңыршұнақ; 26. Құйысқансыз; 27. Құлшығаш; 28. Қырғызәлі; 29. Мақы; 30. Маңғытай; 31. Ноғай; 32. Оразгелді; 33. Саңғыл; 34. Сапар; 35. Сасық; 36. Сүйінбай; 37. Сүттібай; 38. Тоқболат; 39. Тіней; 40. Шоқпарлы. Мұндай мысалдарды басқа рулардан да келтіруге болады (мысалы, Адайдың ішінде – Қосай және т.т., Суанның ішінде – Елшібек және т.т. жоқ). Негізінде бұл «кішкене рулардың» бәрі де тізімге енуі тиіс. [2] Себебі, иншаллаһ алдағы 300-500 жылда олар үлкен руларға айналары хақ. Мемлекетіміз зайырлы (светский) бағыт ұстанып, қазақты қанша жерден еуропаландыруға (космополит етуге) жанталасып тырысқанымен, қазақ халқы тайпа-рулық дәстүрден ешқашан да бас тартпайды деп ойлаймын. Оның себебін төмендегі «Қазақы тарих» пен бүгінгі қазақтың арасындағы көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін «қандық» (гендік) байланыстан көруге болады. Бұл жай – қазақ халқын қанша жерден жамандап, дұшпандарымыз жерге тыққысы келсе де, барлық қазақ мақтаныш етуге лайықты жақсы қасиеті деп есептеймін. [3]
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ рулары: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_рулары
2. Қазақ шежірелерінің тізімі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_шежірелерінің_тізімі
3. Қазақ руларының тізімі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Санат:Қазақ_рулары