Қазақтың Тоғыз Танымының – Бірінші Танымын «Қазақы тарих» деген тақырыппен кеше (2020 жылғы 14-қыркүйек, дүйсенбі) жарияладым. Қобалжығаным әлі басылған жоқ. «Алтын басты» интеллектуал оқырмандарымның кейбіреулері жазған жазбаларымды мұқият, асықпай, сабырмен оқып жатқан болуы керек. Әзірге ләм-мим деп пікір жазған жоқ. Ақырзаман ертең келейін деп тұрған жоқ, асығып қайда барамыз. Оның үстіне атамыз қазақ «Асыққан шайтанның ісі» деп айтқан. Пікірлеріңізді бір күннен кейін де, бір жылдан кейін де жазуға болады. Тек Алла Тағала бәрімізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін! «Қазақтың тоғыз танымы, сегіз сенімі және жеті жетістігі» атты жазбаларымның ішіндегі ең ұзақ жазылғаны осы «Бірінші Таным» деп атаған «Қазақы тарихы». Дәл қазір Сіздерге тым ұзақ жазба сияқты болып көрініп отырған «Қазақы тарихымның» көлемі, ақиқатында «Ғылым» баспасынан 1977-1980 жж. аралығында орыс тілінде 5 том болып жарық көрген «История Казахской ССР» («Қазақ КСР тарихы») тарихи монографиясының (бас редакторы А.
254-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың Тоғыз Танымының – Бірінші Танымы мен Екінші Танымы туралы бірер сөз
15 сентября 202015 сен 2020
1 мин