222. Абул-хаир-ханның – он бір ұлы болды, олардың ішінде тарихта із қалдырғандары:
223. Абул-хаир-хан, үлкен ұлы Шах-Бадак-султан, оның екі ұлы болды:
224. Мохаммед (Шахт-бехт) және Махмуд-султан, оның ұлы Абдуллах-хан
225. Абул-хаир-хан, екінші ұлы Ходжа-Мохаммед (Ходжугум-Тинтак)
226. Ходжа-Мохаммед (Ходжугум-Тинтак), оның ұлы Джани-бек-хан, оның ұлы Искендер-хан
227. Искендер-хан, оның ұлы Абдуллах-хан, оның ұлы Абдул-мумин-хан
228. Буладұлы Ибрагим және Буладұлы Араб-шах, оның ұлы Хаджи-Тулий, оның ұлы Тимур-шейх
229. Тимур-шейх екі мың қалмақпен [6] (6)соғыс кезінде қаза тапты
230. Тимур-шейхұлы Ядигер-ханның төрт ұлы болды: Берке, Абу-лек, Аменк, Ияк
231. Мауреннаһрда Тимур-бек ұрпағы Абу-Саид-мурза бауыры Абдуллатиф-мирзаны өлтірді
232. Абдуллатифа-мирзаның ұлы Мирза-Мохаммед-Джукий Абул-хаир-ханға келіп паналады
233. Абул-хаир-ханның әйелі Абдуллатифтің қарындасы, Мирза-Мохаммед-Джукийдің апасы еді
234. Абул-хаир-хан өтінген соң, Берке-султан Мирза-Мохаммед-Джукиймен жорыққа аттанды
235. Берке-султан Самарқандағы Абу-Саид-мурзаның әскерін тас талқан қылып жеңді
236. Абу-Саид-мурза қайтадан әскер жинап, Мирза-Мохаммед-Джукийге қарсы жорық жасады
237. Абу-Саид-мирза Мирза-Мохаммед-Джукийді тұтқындап, Ихтияр-уд-дин зынданына тастады
238. Ағайын-бауырлардың бұл қанды соғыстары шамамен һ. 860 ж. (м. 1455 ж.) болған еді...
Қазақы тарих танымының жиырма бірінші бөлімі:
239. Абул-хаир-ханның қатыгездігін көрген қара халық, төрелер одан бөлінуді ойластыра бастады
240. Тышқан жылы (һ. 861 ж., м. 1456 ж.) Әз-Жәнібек пен Керей сұлтан бастаған жұрт үдере көшті
а) XІV-XV ғғ. өз ханын тастап кеткен халықты «қазақ» деп атау қалыптасқан салт-дәстүр бар еді [1] [2]
ә) Моғолстан ханы Есен-бұға үдере көшіп келген «қазақтарды» жатсынбай қарсы алды
241. Тышқан жылы, Һижра (һ.) 861 ж., Милади – Еуропа жылсанауы (м.) 1456-жыл: [7]
а) Ел бастаған Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан Шу, Талас алқабына ірге тепті
242. Тышқан-Барыс жылдары, һ. 861-875 жж., м. 1456-1470 жж. шамасы:
а) Керей «Хан» сайланып, Қазақ Ордасы орнықты
243. Ұлу (Бөрі) жылы, һ. 865 ж., м. 1460-жыл:
а) Керей, Жәнібек, Есен-бұға одақтасып, Қалмақ (Ойрат) шабуылының бетін қайырды
244. Тауық жылы, һ. 870 ж., м. 1465-жыл:
а) Керей ханның Туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті
245. Барыс жылы, һ. 875 ж., м. 1470-жыл:
а) Түркістан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды
246. Қоян-Тышқан жылдары, һ. 876-885 жж., м. 1471-1480 жж. шамасы:
а) Жәнібек «Хан» сайланып, Қазақ Ордасы іргеленді
ә) Жәнібек хан тұсында Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды
247. Тышқан-Жылқы жылдары, һ. 885-916 жж., м. 1480-1510 жж. шамасы:
а) Бұрындық «Хан» сайланып, Қазақ Ордасы нығайды
ә) Сырдария алқабы, Түркістан өңірі үшін қан төгіс майдан ашылды
248. Жылқы жылы, һ. 892 ж., м. 1486-жыл:
а) Қазақ Ордасы Шибан ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды
249. Доңыз жылы, һ. 897 ж., м. 1491-жыл:
а) Қазақ Ордасы екі үлкен ұрыста Моғолдарды жеңді
250. Жылқы жылы, һ. 916 ж., м. 1510-жыл:
а) Қасым сұлтан қысқы соғыста Шибан ханды талқандап, Ұлыс шегінен асыра қуды
ә) Түркістанға қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді