Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

242-ші Қара пайым-сөз: Қазақы тарих танымының жиырма екінші бөлімі:

251. Қой-Ұлу жылдары, һ. 917-927 жж., м. 1511-1520 жж. шамасы:

а) Қасым «Хан» сайланып, ежелгі Көк Орда жері мен Жетісу – Қазақ Ордасына енді

ә) Қазақ Ордасындағы халықтың саны бір млн.-нан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті

252. Қой жылы, һ. 917 ж., м. 1511-жыл шамасы:

а) Қасым хан «Қасқа жол» атты ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.

253. Мешін жылы, һ. 918 ж., м. 1512-жыл:

а) Қасым хан Сайрам қамалын басып алып, Ташкентке жорық жасады

254. Жылан-Жылқы жылдары, һ. 928-929 жж., м. 1521-1522 жж. шамасы:

а) Момыш «Хан» сайланып, билік құрды

255. Қой-Жылан жылдары, һ. 930-940 жж., м. 1523-1533 жж. шамасы:

а) Тайыр «Хан» сайланып, билік құрды

256. Тауық жылы, һ. 932 ж., м. 1525-жыл шамасы:

а) Екі жүз жылдық Ойрат-Қазақ соғысы басталды

257. Жылан-Тауық жылдары, һ. 940-944 жж., м. 1533-1537 жж. шамасы:

а) Тоғым «Хан» сайланып, билік құрды

258. Тауық жылы, һ. 944 жылғы 18 сафар, м. 1537-жылғы 27-шілде, жұма күні:

а) Сан-Таштағы төрт халықтың (қазақ, қырғыз, өзбек, моғол) соғысында Тоғым хан қаза тапты

ә) Қазақ-қырғыз әскері түгел қырылып, Тоғым хан 9 ұлы және 37 сұлтанмен бірге шәйіт болды

Қазақы тарих танымының жиырма үшінші бөлімі:

259. Тауық-Қой жылдары, һ. 944-967 жж., м. 1537-1559 жж. шамасы:

а) Бұйдаш «Хан» сайланып, билік құрды, Қазақ Ордасы оңалып, қалпына келді

ә) Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сипат алды

260. Ұлу жылы, һ. 964 ж., м. 1556-жыл:

а) Бұйдаш хан Ноғай ордасының шығыс бөлігін Қазақ ордасына қосып алды

261. Жылқы жылы, һ. 966 ж., м. 1558-жыл:

а) Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.

262. Қой жылы, һ. 967 ж., м. 1559-жыл:

а) Бұйдаш хан шәйіт болды.

263. Мешін-Ұлу жылдары, һ. 968-988 жж., м. 1560-1580 жж. шамасы:

а) Хақназар «Хан» сайланып, Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қалпына келтірді

264. Жылан жылы, һ. 977 ж., м. 1569-жыл:

а) Хақназар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді

265. Жылқы жылы, һ. 978 ж., м. 1570-жыл:

а) Қазақ Ордасы Ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді

266. Қоян жылы, һ. 987 ж., м. 1579-жыл:

а) Хақназар хан Түркістан мен Сауранды, оңтүстік өңірдегі біраз қонысты қайтарып алды

267. Ұлу жылы, һ. 988 жылғы 8 рабиул әууал, м. 1580-жылғы 23-көкек, сенбі күні:

а) Хақназар хан шәйіт болды

268. Ұлу-Жылқы жылдары, һ. 988-990 жж., м. 1580-1582 жж. шамасы:

а) Шығай «Хан» сайланып, билік құрды