291. Қой-Ұлу жылдары, һ. 1053-1063 жж., м. 1643-1652 жж. шамасы: а) Салқам Жәңгір «Хан» сайланып, билік құрды 292. Қой жылы, һ. 1053 жылғы шаууал, м. 1643 жылғы желтоқсан: а) Қоңтажы батыр Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді ә) Қоңтажы батыр бүкіл моңғол жұртынан (Ойрат, Халха, Торғауыт) қалың әскер жинады 293. Мешін жылы, һ. 1053-54 жж., м. 1644-жылғы қаңтар-мамыр: а) Кең көлемді Қазақ-Мұңғұл соғысы басталды 294. Мешін жылы, һ. 1054 жылғы раби ус-сани-жумада ал-уулә, м. 1644-жылғы маусым-шілде: а) Салқам Жәңгір хан екі ұрыста біріккен Ойрат-Халха әскерін жеңді ә) Қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған алты жүз мерген айрықша көзге түсті 295. Мешін жылы, һ. 1054 жылғы шаабан, м. 1644-жылғы қазан: а) Салқам Жәңгір хан Моғол мен Бұқар хандығы арасындыға соғысқа араласты ә) Ауғанстандағы майданға жүз мың әскер жіберіп, Балых қаласының түбінде қырғын шайқас болды б) Қазақ сарбаздары соғысты Өзбек-Бұқар хандығының пайдасына шешіп берді 296. Мешін жылы, һ. 1062 жыл
240-шы Қара пайым-сөз:Қазақы тарих танымының жиырма алтыншы бөлімі:
15 сентября 202015 сен 2020
1
2 мин