336. Сиыр жылы, һ. 1196 жыл, м. 1781-жылдан бастап:
а) Батыс және Орталық Қазақстанда Ресейдің ықпалы күшейді
ә) Бұрын біртұтас болған Қазақ Ордасы жеке Ұлыстарға бөлшектенді
б) Ресей Патшалығы Орталық жане Батыс Қазақстанды отарлау ісін жүзеге асыра бастады
337. Тауық жылы, һ. 1216 ж., м. 1801-жыл:
а) Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізді
ә) Еділ мен Жайық арасындағы Ата-Жұрт қайтарылып, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды
338. Тауық-Жылқы жылдары, һ. 1180-1238 жж., м. 1801-1822 жж. шамасы:
а) Оңтүстік Қазақстан түгелдей Қоқан хандығы, Бұқар әмірлігінің бодандығына түсті
339. Жылқы жылы, һ. 1238 ж., м. 1822-жыл:
а) Ресей Патшасының жарлығымен Орта Жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды
340. Ит-Қой жылдары, һ. 1254-1264 жж., м. 1838-1847 жж. шамасы:
а) Абылай хан немересі Кенесары хан Қазақ Ордасын сақтап қалу жолында күресті
341. Сиыр жылы, һ. 1257 жыл, м. 1841-жыл:
а) Кенесары Үш Алаштың ханы ретінде Ақ киізге көтерілді
342. Жылан-Ұлу жылдары, һ. 1262-1322 жж., м. 1845-1904 жж.:
а) Қазақ халқының ұлы ақыны – Абай (Ибраһим) Құнанбаев туылды
343. Қой жылы, һ. 1264 жыл, м. 1847-жыл:
а) Кенесары хан шәйіт болды, Қазақ Ордасы біржолата келмеске кетті
ә) Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды
Қазақы тарих танымының отыз бірінші бөлімі:
344. Ресей империясы 46 форт (қамал) және 96 редуттан тұратын Ертіс әскери желісін тұрғызды [8]
а) Омбы 1716 ж., Семей 1718 ж., Павлодар 1720 ж., Орынбор 1743 ж., Петропавл 1752 ж.
ә) Ресей мен Англия арасында жасалған жасырын конвенция «Үлкен ойын» деп аталды
б) 1813-1907 жж. арасында Қазақ Ордасының аумағындағы жер асты байлығын игеру басталды
345. Ресей империясы барлық мектептер мен мемлекеттік мекемелерге орыс тілін ендірді
346. Ресей империясы 1890 ж. бастап Қазақ Ордасының аумағына қоныстанушыларды тоғыта бастады
а) Орынбор мен Ташкент арасына 1906 жылы теміржол салынған соң бұл үдеріс мүлде күшейді
347. Санкт-Петербургте 1896 жылы арнайы көшіру басқармасы (Переселенческое Управление) құрылды
а) ХІХ-ХХ ғғ. қазақ жеріне 400 000 орыс, миллионға жуық славян, неміс, еврей т.б. қоныс аударды
348. Ресейдің қитұрқы саясатын бірте-бірте түсінген қазақтар 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісін бастады
349. Петроградта 1917 жылы орталық билік күйреген соң, Ташкентте «Алаш автономиясы» құрылды
а) Алаш автономиясының премьер-министрі Ә. Бөкейханов 1917-1920 жж. осы күресті бастады
350. Орыс тілді коммунистік үкімет саясатына қазақтар 1919 ж. соңына дейін белсенді қарсылық көрсетті