Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

239-ші Қара пайым-сөз:Қазақы тарих танымының жиырма сегізінші бөлімі:

311. Мешін жылы, һ. 1141 ж., м. 1728-жыл:

а) Бұланты ұрысында Ойраттар Сары-Арқадан кері қайтарылды

312. Ит жылы, һ. 1143 ж., м. 1730-жыл:

ә) Аңырақай ұрысында Ойрат шабуылы тойтарылып, Қазақ Ордасы ес жинай бастады

313. Ит жылы, һ. 1143 ж., м. 1730-жыл:

а) Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлініп, тайпа-ру, үш жүз ішінде билердің өкімі күшейді

314. Доңыз жылы, һ. 1144 ж., м. 1731-жыл:

а) Әбілқайыр хан Ресеймен бодандық және саяси қамқорлық келіссөзіне жол ашты

ә) Әбілқайыр хан Кіші Жүздің бір бөлігі мен Орта Жүздің біраз руларына билік жүргізді

315. Сиыр жылы, һ. 1146 ж., м. 1733-жыл:

а) Әбілмамбет хан бастаған Қазақ әскері Ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты

ә) осы ұрыста жиырма жасар Абылай сұлтан ерлігімен көзге түсіп, атаққа ілінді

316. Мешін жылы, һ. 1153 жылғы ережеп-шәууал, м. 1740-жылғы қыркүйек-желтоқсан:

а) Ойраттар Сары-Арқаға жорық жасады

317. Тауық жылы, һ. 1153-1154 жж., м. 1741-жылғы қаңтар-наурыз:

а) Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласты

318. Тауық жылы, һ. 1154 жж., м. 1741-жылғы көктем-жаз:

а) Абылай хан Ойрат шабуылын тойтарды

ә) Абылай хан тұңғыш рет Жоңғардың ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды

319. Мешін жылы, һ. 1165 жж., м. 1752-жылғы көктем-жаз:

а) Екі жүз жылдық Ойрат-Қазақ соғысында бетбұрыс кезең болды

ә) Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында Ойраттардың негізгі күшін талқандады

320. Тауық жылы, һ. 1167 ж., м. 1753-жыл:

а) Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Өтеген, Ер-Жәнібек, Бөгенбай батырлар қол бастады

ә) Қазақ сарбаздарының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары болды

321. Ит жылы, һ. 1168 ж., м. 1754-жылғы күз:

а) Абылай хан Дүрбін-Ойратты 200 жылдық соғыста біржолата талқандады

322. Доңыз жылы, һ. 1169 ж., м. 1755-жылғы көктем:

а) Абылай ханның Жоңғарды «жуасыту» жорығы болды

323. Тышқан-Сиыр жылдары, һ. 1170-1171 жж., м. 1756-1757 жж. шамасы:

а) Шүршіт-Қазақ соғысы болды

Қазақы тарих танымының жиырма тоғызыншы бөлімі:

324. Тышқан жылы, һ. 1170 ж., м. 1756-жылғы жазғы майдан:

а) Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарын жүргізді

ә) Шүршіт-Чиң әскерлерін талқандап, тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті

325. Сиыр жылы, һ. 1171 ж., м. 1757-жылғы көктем:

а) Чиң Патшалығы Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорық ашты

ә) Абылай хан әскері ауыр шығынға ұшыраса да, негізгі күштерді сақтай отырып, кері шегінді

326. Сиыр жылы, һ. 1170 жылғы 9 рамадан, м. 1757-жылғы 15-мамыр:

а) Уақытша бітім туралы Айдын-Су мәмілесі жасалды

ә) Абылай ханның өкілі Әбілпейіз сұлтан мен Манжу-Чиң өкілі Фу Дие қол қойды

327. Сиыр жылы, һ. 1170 жылғы 10 шаууал, м. 1757-жылғы 7-маусым:

а) Чиң Патшалығы мен Абылай хан арасында Аягөз бітімі жасалды

328. Сиыр жылы, һ. 1171 жылғы мухаррам-сафар, м. 1757-жылғы қыркүйек-қазан:

а) Абылай хан Бейжіңге (Қытайға) елшілік аттандырды

ә) Тәуелсіздік пен сыйластық туралы келісім жасалды

329. Тауық жылы, һ. 1174 ж., м. 1760-жыл:

а) Қазақтар бейбіт жолмен Ата-жұрты Шығыс Түркістанға қайтадан қоныстана бастады

330. Сиыр жылы, һ. 1179 жылғы жумада әл уулә- жумада ас-сани, м. 1765-жылғы қазан-қараша:

а) Абылай хан қырғызға қарсы жеңісті жорық жасады

331. Ит-Тышқан жылдары, һ. 1180-1182 жж., м. 1766-1768 жж. шамасы:

а) Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашып, Ташкентті бағындырды

332. Барыс жылы, һ. 1184 ж., м. 1770-жыл:

а) Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады

333. Қоян жылы, һ. 1185 ж., м. 1771-жыл:

а) Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында Торғауыт қалмақтарын біржола тоздырды

334. Қоян жылы, һ. 1185 ж., м. 1771-жыл:

а) Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде Ақ киізге көтерілді

335. Сиыр жылы, һ. 1196 жылғы жумада әл уулә, м. 1781-жылғы мамырдың басы:

а) Абылай хан дүниеден өтті