Уругвайлық шабуылшы жақында ғана Барселона футбол клубынан Атлетико Мадрид сапына ауысқан болатын . Ал , бүгін шабуылшы Атлетико Мадрид құрамымен алғашқы жаттығуын өткізді . Атлетико Мадридтің твиттеріне шыққан видеоға қарағанда , ойыншыны клуб өкілдері жақсы қарсы алған . Шабуылшы 9 нөмірмен ойын көрсететіні белгілі болды . Еске салсақ , уругвайлық шабуылшы Атлетикомен 2 жылдық келісімшарт жасасқан . Алғашқы ресми ойыны 27 қыркүйек күні , Гранадаға қарсы өтеді .
ЛУИС СУАРЕС АТЛЕТИКО МАДРИД САПЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ
26 сентября 202026 сен 2020
3
~1 мин