Өткендегі бір жазбамда туған ағам Камалхан «Аналар ауылы» деген қор ашып, жебеушісіз және жәрдемсіз қалған жалғыз басты аналарға көмектесуді қолға алды деген едім. Бірақ осында отырған бір қазақ та бармағын жыбырлатпапты, тым болмаса «Kaspi Gold» шотына 500-1000 теңге болса да «садақа» деп ақша аударып қоймадыңыздар ма, әй, қазағым-ай! Сол ағам кеше келіп, үйден бір кесе шай ішіп, тірліктерінің не болып жатқанын әңгімелеп кетті. Өтінішпен барған бірлі-жарым әкімқаралар: «Анау, артыңнан ерген қатын-қалаштарыңа ие болып, олар ереуілдерге қатыспайтын болса, баспана салатын жер телімдерін беруді қарастырамыз» деп талап қойыпты. Содан бірбеткей ағам «тарс» кетіп: «Сендер не, аспаннан салбырап түстіңдер ме, осы «қатын-қалаш» деп отырған аналардың а... шықтыңдар емес пе?. Осыдан көмектеспей көріңдерші, сол аналарды артымнан ертіп, ереуілге өзім бастап шығамын» деп әкім-қаралардың зәресін ұшырып кетіпті. Әуелде, ағамның уәжіне «мырс» етіп күлсем де, соңынан «оу, ағатайым-ау, ақыры осы тірлікті қолыңа алған екенсің, дипломатиялық тілмен сөйлесуді үйренсеңші» – деп ақылымды айтып жібердім. Бірақ, сөйтсе де «компромиссті» білмейтін бірбеткей ағамның да сөзінің жаны бар. Қазақ үшін ең киелі «Ана» деген атауды да саудаға салудан шімірікпеген бұл биліктен, бәрін де күтуге болады. Қазақтың аңқаулығын аз-маз тиын-тебенге сатып алып, байлығын тонап отырудың шектен шыққанын – менің ағам да түсінсе, онда қазақ расында да біраз нәрсеге көзі ашылып қалған екен. Тәуба және тфа, тфа, тфа...
303-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың расында да біраз нәрсеге көзі ашылып қалыпты. Тәуба және тфа, тфа, тфа...
25 сентября 202025 сен 2020
1 мин