Парақшамды бірінші күннен бастап оқып келе жатқан оқырмандарым Австралия (Ұлыбритания) ғалымы Питер Дж. Мейердің (Peter J. Meyer) кім екенін және оның қазаққа не жақсылық жасағанын аз-аздап болса да біледі. Бірақ жазбаларымның тек соңғы жағын оқыған жаңа оқырмандар Питер деген кім сонша деп менсінбей қарайды. Түнде Бахытжан Гаипназаров деген қазақ «Сонда сол Питеріңіз ауыз толтырып айтатындай не бітіргенін білуге бола ма Қалдархан мырза?» деп сұрақ қойыпты. Ол еврей шал (биыл 73 жасқа келді) ешбір ақы алмастан, қазақтардың өзі де түсіне алмай қойған «Тоғыс есебін» талдап, арнайы программа жасап, әлем елдері түсіне алатын ғылыми туындыға айналдырғанын жазудан жалықпаймын. Әйтеуір біреу болмаса біреу түсінер ол шалдың еңбеген деген үмітім зор. Питердің 1-ші еңбегі: «Календарь древних казахских кочевников., Питер Дж. Мейер., Большая часть текста в этой статье взята со страницы автора в программе Kazakh Nomad Calendar: https://www.hermetic.ch/cal_stud/knc/Kazakh_Nomad_Calendar.htm»Питердің
301-ші Қара пайым-сөз: Питердің қазаққа жасаған жақсылығын «көзі ашық» келер ұрпақ қана бағалайтын болар
25 сентября 202025 сен 2020
1 мин