Найти тему
aqtautv

ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛМАҒАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ

https://www.facebook.com/watch/?v=262101315129680&extid=HETyb845QhxYOUTn
https://www.facebook.com/watch/?v=262101315129680&extid=HETyb845QhxYOUTn

Маңғыстаулық жүргізушілер жөндеуі аяқталмаған жолдың азабын тартып жүр. Ақтау қаласының әкімдігі 21 ш/а қиылысынан бастау алып, тергеу изоляторына дейін жалғасқан, одан әрі Асар-С базарына дейін созылатын автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Жөндеу жұмыстары шамамен 3 айға созылды. Ескі жол сүрілді, қайтадан жабынды төселіп, жол жиектері қойылды. Жөндеу жұмыстары осынша уақытқа созылса да, бүгін де аталмыш жолдың шамамен 500 метрдей бөлігі аяқталмай қалған.Асар-С базарының қиылысы мен Сақ базарының қиылысына дейін созылған жолдың жөндеу жұмыстары 25-қазанға дейін аяқталады деп күтілуде. Зауыттан Асар-С-қа дейінгі аралықты алып жатқан нысан 7 шақырымды құрайды екен. Жауапты өкілдің сөзінше, нысанның жалпы құрылымдық жұмыстары толықтай қараша айының соңында бітеді.