Кәсіпкерлердің талабы - бүгінгі таңда газды көтерме бағада алып отырған газ желілік ұйымдарының бірі «SK LTD» мекемесіне бөлетін газ көлемін көбейту. Өйткені тек осы мекеме ғана кәсіпкерлерге тең бөліп беруге келісіп отыр. Қалған газ желілік ұйымдары өз газ бекеттерінің санын көбейту арқылы, тек өздері ғана сатып, пайда тапқысы келеді.
Ішкі нарыққа бөлінетін газ көлемінің осылай әділетсіз бөліну себебіненқазір өлкедегі газ сататын 300-ден астам кәсіпкердің бизнесі қыл үстінде тұр. Егер осылай жалғаса берсе, олар ай-күннің аманында жұмысшыларымен бірге күнкөріс нәпақасынан айырылады. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап сұйытылған газ электронды сауда алаңында сатылуы қажет болған. Бірақ, бұл шара облыс бойынша кейінге шегеріліп келе жатқан көрінеді. Кәсіп иелері аталмыш сауда алаңына өту жөнінде өтініш берген. Алайда электронды сауда алаңы арқылы да кәсіпкерлер өзіне тиесілі лимитті алуы екіталай.