Тарих – болған нәрсені болған күйінде, тек өткен шақта жазатын үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Қазақтар өткен тарихы туралы ащы шындықты білмей және болғанды болған күйінде қабылдамайынша, қазіргісі мен болашағын бағалай алмайды. Бұл бұлжымайтын аксиома. Осыдан жеті жыл бұрын (7 қазан 2013 жыл, Абай-Ақпарат): https://abai.kz/post/17760шетелдік мұрағаттар мен ғылыми орталықтарда қазақ тарихына қатысты құжаттар мен жәдігерлерді анықтау, зерттеу, оларды елге жеткізу, ғылыми айналымға түсіру үшін 23 тарихшы қазақ ғалымы Иран, Үндістан, Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан мен Ресей елдерінде болып – 35 000-дай аса құнды тарихи дерек табылды! – деп сүйінші сұраған болатын. Сол уақыттан бері «Қазақ» атауы мен қазақ ұлтының шынайы тарихы, 12 наурыз 2015 жыл, https://qamshy.kz/article/4026-qazaq-atauy-men-qazaq-ultynynh-shynayy-tarikhy., «Қазақ» атауы ежелгі деректерде, 11 маусым 2017 жыл, https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/46387/., «Қазақ» атауынан Қазақ хандығына дейін, 12 қазан 2018 жыл, http://qasym.kz/kazak-atauynan-kazak-handygyna-dejin/ және т.б. осы тақырыпта материалдар жарияланды. Еліміздің ғалымдарынан бастап, қаймана қазақтың ең соңғысына дейін «ауырсына» қабылдайтын бір сөзі бар. Ол «қазақ» атауы. Шыңғысханның (1155-1227) көзін көрген адамдар әлі тірі жүрген кезде жазыла бастаған Рашид әд-Диннің (1247-1318) «Жамиғ ат-тауарих» атты 4 томдық еңбегінде [1] және одан кейінгі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499-1551) «Та'рих-и Рашиди» еңбегінде [2] «қазақ» атауы туралы бізді мазақ қылғандай болып көрінетін мынадай анықтама бар: «Қазақ – деп ханына наразы болып, оның билігінен шығу себепті өз мемлекетінен, тайпасынан немесе руынан бөлініп, шытырман оқиға іздеушілер ретінде өмір сүрген түркі тайпаларын айтқан» (1). Рашид әд-Дин де, Мұхаммед Хайдар Дулати да әйгілі Нострадамус сияқты «сәуегей» болмағандықтан, бүгінгі күні «басмашы, бандит» деген сияқты тұрпайы естілетін осы «қазақтар» (2) Шыңғысхан ұрпақтары құрған Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда, Ноғай Ордасының босып, быт-шыт болған жұртын өзіне жинап, қуатты мемлекетке айналатынын білуі ешбір мүмкін емес еді. Басқалар «қазақ» деген сөзді «мазақ» деп түсініп, намыстанып шыр-пыр болса, мен керісінше «қазақ» деген сөзді мақтаныш тұтамын. Себебі, сонау XV ғасырда азуын Айға білеген әділетсіз, қанқұйлы Әбілқайыр ханға қарсы шығып, оның хандығынан 200 мың адамды тартып алып кеткен Әз-Жәнібек пен оның айбатты 8 ұлы және Керей сұлтандар нағыз ержүрек батырлар. Егер 1456 жылы Әз-Жәнібек пен Керей сұлтандар тәуекел етіп «Қазақ Ордасын» құрмағанда, «Көк бөрі түркі тарихы» біржолата келмеске кеткен болар еді. Қазақ халқы өзінің қазақ екенін мақтаныш тұтып, даңқты ата-бабаларымыздың тарихын сақтап қалу аманатын өз мойындарына алғанын жақсылап түсініп алуы керек. Яғни, алдағы уақытта «қазақ» деген ежелгі елді іздеп әуейіленіп, ақымақ болуын доғаруы қажет. Себебі, көне тарихты өзгерту мүмкін емес, ол бізге дейін жазылып қойған. Бар күш-жігерімізді «жаңа қазақы тарихтың» лайықты кейіпкерлері болуымызға жұмсауымыз қажет. Әйтпесе, 300-500 жылдан кейін ұрпақтарымыз біздің бүгінгі болып жатқан тарихымыздан ұялып, дәл бүгінгі біздер сияқты, олар үшін «ескі тарихты» өзгертуге жанталасып тырысатын болады. Ойымды түсінген боларсыздар деп ойлаймын...
Қазақы тарих танымын жазу кезіндегі арнайы түсініктемелер тізімі:
(1) Қазақ – деп ханына наразы болып, оның билігінен шығу себепті өз мемлекетінен, тайпасынан немесе руынан бөлініп, шытырман оқиға іздеушілер ретінде өмір сүруші түркі адамын айтқан (Рашид әд-Дин Фазлаллах ибн Хамадани (лақап аты ат-Тауип, 1247-1318) жазған «Жылнамалар жинағы» («Жамиғ ат-тауарих»: Указатель терминов и непереведенных слов): http://www.vostlit.info/Texts/rus4/Tiesenhausen/glossar.phtml?id=47).
(2) Қазақ – деген сөз XV ғасырда Орта Азияда шытырман оқиға іздеуші өз жақтастарымен бірге хан тағына таласқан немесе өз хандарынан бөлініп олармен соғыс жағдайында болған көшпенділер тобын білдірген (Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) жазған «Та'рих-и Рашиди» (Повествование об особенностях положения Казахов, их Государях, причине, почему им дано это имя и [об] их падении): http://www.vostlit.info/Texts/rus14/Tarich_Rashidi_II/frametext.htm).
Қазақы тарих танымын жазу кезінде нақты пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Фазллаллах Рашид Ад-Дин, Указатель терминов и непереведенных слов: http://www.vostlit.info/Texts/rus4/Tiesenhausen/glossar.phtml?id=47
«Казак – тюркский человек, отделившийся от своего государства, племени или рода и ведущий жизнь искателя приключении; человек, недовольный своим ханом и ушедший из-под его власти».
2. Мирза Мухаммад Хайдар Дулати, «Та'рих-и Рашиди», Глава 33. Упоминание об особенностях жизни Казахов и их султанов; О причине того, почему им дано это имя и о последствиях их дела., http://www.vostlit.info/Texts/rus14/Tarich_Rashidi_II/frametext.htm
«Казакование – словом «казак» в Центральной Азии в XV в. называли как мятежных претендентов на престол, которые во главе своих сторонников вели жизнь искателей приключений, так и отряды кочевников, отделившихся от своих государей и находившихся с ними в состоянии войны».