«Қазақ тарихы» емес – «Қазақы тарих» деп жазуымыздың өз сыры бар. Оның «бұлыңғыр» көрінісі не көлеңкесі кәдуілгі тайпа-рулардың шежіре кітаптарынан көрінеді. Бір сәтке мына қазақ шежірелерінің тізіміне назар аударыңыз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_шежірелерінің_тізіміНе көріп тұрсыз? Масқара, мұншама шежіре кітаптары не үшін жазылған және не үшін жазылып жатыр дейтініңіз анық. Қазақ неге қазақтың «ғылыми тарихына» бас қатырмайды да, ешбір нақты даталары жоқ шежіреге келгенде неге елпектеп кетеді. Осыны ойланып көрдіңіз бе? Бүгінгі күні қазаққа тарихты қалай жазуды үйретіп жүрген еуропа және ресей ғалымдары неге «Палеолит, Мезолит, Неолит, Энолит ... Сақтарды (скифтер): 1) парадарая; 2) хаомаварга; 3) тиграхауда» деп жазады және «Андронов, Синташты, Срубная, Фатьяново-Балановская мәдениеті» деп неге басты қатырады? Ғылыми тарих – археологиялық материалдар мен жазба еңбектері негізінде жазылады дейді. Сөйтсе де «ғылыми тарих» неге адамдардың көкейіне қонбайды және қазақтар неге «ғылыми тарихты» мойындап, шежіре жазуды тоқтатпайды? Себеп біреу-ақ. Мысалы, өзім жазған «Бөрібай шежіресіне» Маңғытай руы «Мезолит дәуірі кезеңінде пайда болған және біздер Сақтардың «хаомаварга» тармағынан тарқаймыз» деп жазсам, бүкіл маңғытайлар мені тас боран қылып өлтіретіні белгілі. Қазіргі қазақ тарихы қазақтарды классикалық түрде ақымақ қылудың ең барып тұрған оспадарсыз да опасыз түрі. Былай қарап тұрсаң «қазақ халқы» мыңдаған жылдар бойы болған және бар деп отырады да, емексітіп-емексітіп барып, ешбір нақты дерек құйрығынан ұстатпаған күйі құмға сіңген судай болып көзден таса болады. Қазақ ақымақ болып аңқайып тұрып қалады...
227-ші Қара пайым-сөз: «Қазақы тарих» деген не нәрсе өзі немесе оны қандай «сорпамен» ішіп-жейді?
12 сентября 202012 сен 2020
1 мин