Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

226-шы Қара пайым-сөз: Қазақы тарих пен Ғылыми тарих неге бір-біріне қабыспайды?

Айтқалы отырған ойларымды дұрыс түсінулеріңіз үшін әуелі аз-аздап кіріспе, түсініктемелер жазуым қажет болып тұр. Себебі, жазбаларымды бірінен кейін бірін топырлатып тізіп қойсам, Сіздер «бұл не нәрсе өзі?» деп біраз миларыңыз ашитыны маған мәлім. Себебі, бұл жазбаларыма ұқсас жазбалар бұрын жазылмады, қысқасы баламасы жоқ. Ойым түсінікті болу үшін қазіргі еуропалық және ресейлік ғылыми тарих қазақтың тарихын қалай жазатынынан мысалдар келтірейін:

«Тас дәуірі, Палеолит, Мезолит, Неолит, Энолит, Қола дәуіріндегі тайпалар:

Андронов мәдениеті, Синташты мәдениеті, Срубная мәдениеті, Фатьяново-Балановская мәдениеті; Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Темір дәуірі. Сақтар (скифтер): 1) парадарая; 2) хаомаварга; 3) тиграхауда

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері:

Түркі қағанаты (552-603); Батыс Түрік қағанаты (603-704); Шығыс Түрік қағанаты (682-744); Түргеш қағанаты (704-756); Қарлұқ қағанаты (756-940); Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы – ХІ ғ.басы; Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы – ХІ ғ.басы.

Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері:

Қарахан мемлекеті (942-1212) жж.; Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж.; Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (1206–1291); Жошы ұлысы (1224-1481); Шағатай ұлысы (1222-1370); Орда Ежен ұлысы (1242-1446); Шайбани ұлысы (1243 - ?)

Ақ Орда (XIII-XV ғғ.); Көк Орда

Әбілқайыр хандығы (1428-1468); Ноғай ордасы (1440-1634); Моғолстан (1348-1514); Ташкент хандығы (1501-1627)

Қазақ хандығы дәуірі: Қазақ хандығы (1465-1847); Ұлы жүз (1715-1822); Орта жүз (1715-1822); Кіші жүз (1715-1824)

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан:

Бөкей ордасы (1801-1872); Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан; Алаш автономиясы (1917-1920); Түркістан автономиясы (1917-1918); Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920-1925); Қазақ АКСР-і (1925-1936); Қазақ КСР-і (1936-1991)

Тәуелсіз Қазақстан тарихы:

Қазақстан Республикасы (1991 – қазір)».

Былай қарап тұрсаң бәрі дұрыс, тарих осылай жазылуы керек сияқты болып көрінеді.

Бірақ мен естіген «Қазақы тарих» мүлде басқаша айтылады және жазылады...