Осы уақытқа дейін, ойыма келген тақырыпты немесе сіздер аузыма салған сөз төңірегінде жазып жүрдім. Бірақ бұл жазбаларымда ешқандай да белгілі бір мақсат-мүдде болған жоқ. Жәй, әншейін, сағыздай созылған карантинде уақыт өлтіру үшін жазып жүрдім. Соған қарамастан жазбаларыма қызығушылық танытып, пікірлеріңізді білдіріп, «лайк» қоюдан шаршаған жоқсыздар. Бұл үшін Сіздерге үлкен рахмет. Ойпырым-ай, менің де жазғандарымды халық қызығып оқиды екен-ау деп таң қалып жүргенде, жылт-жылт етіп бір ой келе берді. Мен бұл тақырыпты болашақта бір кітап қылып жазбақшы едім. Ол ойымнан айныдым. Ең дұрысы ойларымды қысқа-қысқа жазба қылып жазғаным дұрыс екен. Сіздерден кешірім өтініп «тайм-аут» алып, шығармашылық демалысқа кеткеніме де бір ай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде дене қызуым көтеріліп, күркілдеп жөтеліп, қақалып-шашалып, кәдімгідей бір ауырып тұрдым, қызметімнен келген көп жұмысты бітірдім. Сөйтіп жүріп Сіздердің талқылауларыңызға ұсынатын жазбаның да бас-аяғын құрадым. «Бұрынғы әнім басқ
222-ші Қара пайым-сөз: Мен келдім ағайын, Сіздер дайын болсаңыздар, жазбаларымды жалғастырайын...
12 сентября 202012 сен 2020
1
1 мин