Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

219-шы Қара пайым-сөз: Бірінші бөлім: Ілім-білім жарыстырып, аузыма құм құям деп әуре болмаңыздар

Барлықтарыңыздың рұқсат берулеріңізбен «үнсіздік» аудиториясына кетуім мұң екен, парақшамда Мағжан, Берік, Күліпхандардың арасында аздап «баттл» (войнушка) болып қалыпты және сұрақтардың «стрелкасының» бәрі мен жаққа бұрылып тұр екен. Сол себепті 5-6 минут аса қымбат уақытымды бөліп, өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Себебі жанжалды ушықтырмай дер кезінде басып тастаған дұрыс болады. Аса құрметті Берік және Күліпхан мырзалар, кейде сіздердің балалық аңғалдықтарыңызға күлкім келсе, кейде сіздердің Алланы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) соншалықты жан-тәндеріңізбен жек көретіндеріңізге жыным келмейді, өкіріп жылағым келеді. Әрі күліп, әрі жылап отырып, екеуіңіздің және Сіздер сияқты тағы да көптеген білімді қазақ жігіттерінің, ойдан-қолдан құрастырып алған өз «матрицаларында» осылайша мәңгілік қалатындығына қамығамын. Бірақ Сіздер менің парақшамның қонағы болған соң, пікір алуандығы болуы үшін сіздерді де, басқаларды да ешуақытта өз парақшамнан шығарып тастамаймын. Сонымен қатар «жаман үйді қонағы билейді» демекші, Сіздерді төрімде «тайраңдатып» та қоймаймын. Менің де Сіздер сияқты қатып қалған жеке өз пікірім бар. Қазақстанның барлық беріктері мен күліпхандары жиналып келіп жабылса да, мені бір «йотаға» да не әрі, не бері жылжыта алмайды. Мені өлтіріп аузыма құм құймасаңдар, ілім-білім жарыстырып аузыма құм құя алмайсыңдар. Өйткені мен Сіздердің бергі жақтарыңызды ғана емес, арғы жақтарыңызды да айқын көріп тұрмын. Сіздердің өздеріңіз қолдан жасап алған «Нирваналарыңыз» (Тәңірлеріңіз) қағаз үйшік сияқты түкке тұрғысыз бірдеме. Мен үндемей жүрсем, асыл сөзді қор қылмайын немесе үндемей құтылайын деп жүргенім жоқ, жігіттердің «сағын сындырмайын» деп үндемей жүрмін. Есіктен кірген бойы «төр менікі» деген «наглыйлықтарыңыз» менің кішкене «киіз үйімде» (парақшамда) жүзеге аспайды. Киіз үйімнің киесі бар жігіттер, абайлаңдар. Ашуыма тисеңдер, ауыздарың қисайып қалып, түзей алмай әуре боласыңдар. Бұл жай әншейін ескертуім. Тоқберген мырза бұл да Сізге қатысты айтылып отыр. Қалғанын келесі жазбада жалғастырайын. Әйтпесе қазекең ұзақ жазылған әңгімелерді оқымайды...