Найти тему
Дамы

Қаржы пирамидасы мен желілік маркетингтің айырмашылығы

Қаржы пирамидасы мен желілік маркетингтің айырмашылығы

Көптеген адамдар желілік маркетинг пен қаржы пирамидасын шатастырып жатады себебі құрылымы жағынан ұқсастықтары бар, дегенмен екеуі екі бөлек дүние. Екеуіне тән ортақ ұқсастығы ол артыңыздан команда өсіру керек, яғни мейлінше көп адам шақыру керек. Ал ең басты айырмашылығы қаржы пирамидасында әдетте тауар болмайды, ал желелік маркетингте тауардың түрі көп болады. Түсініктірек болу үшін екеуін екі бөлек алып қарайық.

Қаржы пирамидасы. Ұйымға кіргенде белгілі бір соммада ақша саласыз. Ештеңе істемейсіз тек адамдарды ақша салуға шақырасыз, себебі сіз сол салынған ақшалардың үстінен пайыз көресіз. Және адамдарды тек пирамида жүйесінде тіркейді. Бұл жерде айтпасада белгілі пирамиданың үстінде тұрған адамдар ғана жақсы пайда көре алады. Ал ең астынғылары тақырға отырады. Әдетте қаржы пирамидалардың ғұмыры қысқа болады, қалай тез ашылса солай тез із–түзссіз жоқ болып кетеді. Сондықтан болар біздің есімізде олардың атаулары онша сақталмайды.

Желілік маркетинг. Ең алдымен сіз бұндай компаниялардың тұтынушысы болуыңыз керек. Және адамдарды өнімді тұтынуға шақырасыз. Компаниялар сізге өнімді 20% 15% 25% әр компанияда әр қалай жеңілдікпен береді. Сіз ол өнімдерді каталог бағасымен сату арқылы алғашқы табысқа ие бола аласыз. Егерде қомақты табыс табымын, компаниямен бизнес партнер боламын десеңіз. Ай сайын белгілі мөлшердегі соммаға (әр компанияда әр қалай) тауар алуыңыз керек. Бірақ ай сайын тек тауар алып тұрумен сіз ұзаққа бармайсыз. Сіз өзіңіз сияқты осы компанияның ұсынып отырған тауарларын тұтынуға қол астыңызға команда жинауыңыз керек. Бұл жерде сіз пайданы сіз жинаған адамдардан емес, олардың жасайтын саудасынан, ягни тауар айналымынан пайда көресіз. Желілілік маркетингтің қаржылық пирамидадан және кәдімгі дүкендерден айырмашылығы өзінің тауарын ешқандай делдалсыз тікелей тұтынушыға ұсынады. Ортадағы оптавик және поставщиктердің пайдасын өздерінің тұтынушыларыны береді. Және де желіллік маркетингде адамдарды тіркеген кезде пирамида жүйесінде емес, тізбек, моншақ жүйесінде тіркейді, бұл тағы бір айырмашылығы.

-2

Қазақстанда желілік маркетингте жұмыс істейтін белгілі компаниялар - «Орифлейм», «Фаберлик», «Эмвей», «Эйвон», «Мэри кэй», «НЛ» «Гринвэй» «Биоси» және т.б. Бұл компаниялар Қазақстан нарығында 20 орташа есеппен 20 жылдай болса, әлемдік деңгейде негізін 20 ғасырдың ортасында қалаған («Эмвей» 1959, «Мэри кэй»1963, «Орифлейм» 1967). Әр қайсысының өзінің құрылу тарихи және маркетинг келісім шарттары бар. Осы компаниялар арқылы каншама жетістікке жетіп жатқан адамдарда аз емес. Десекте, бұл оңай ақша табудың жолы деп танудың қажеті жоқ. Бұл жердеде еңбек және білім керек. Қандай білім деп отырсаңыз, сіз желілік маркетингте жұмыс істеу үшін сата білуіңіз керек, адамдармен тез қарым-қатынас орната білуіңіз керек және өзіңіздің компанияңыздың өнімі жайлы толық биліп оны түсіндіре алуыңыз қажет. Желілілк маркетинг (МЛМ қысқаша депте атайды) жайлы кітаптарда аз емес, оның ішінде ең жақсы әрі нақты кітап ол «Большой Эл раскрывает секреты».

Қаржы пирамидасы мен желілік маркетингті нақты айырып түсіндірдім деп ойлаймын. Ешқашан оңай ақша табуға сенбеңіз, сізге сондай ұсыныс жасап жатса, осы жазылған мәліметтер арқылы өзіңіз талдап біле аласыз.