Интернет арқылы табыс табу түрлері
Бүгінгі таңда бұл ең актуалды сұрақ десем де болады. XXI ғасыр дамыған технологиялар заманы, цифрлық техниялогиялар заманы деп жатады бұл рас. Қара күшпен ақша табудан гөрі, ғаламтор арқылы табыс табуға сұраныс артуда. Табыс тауып жатқандарда көп. Сонымен ғаламтор арқылы табыс табу түрлері:
1. Инстаграмм. Инстаграмм арқылы табыс табу қазіргі таңда бірінші орында тұр. Тіпті арнайы мамандық иелері пайда болды. Олардың қатарына: SMM, таргетолог, сторисмейкер, блогер менеджері, онлайн продюсер және т.б.
2. You tube. Инстаграммнан бұрын қалыптасқан табыс табу түрі. You tube-қа жүктеген видеоңыз көптеген просмотр жинаса табыс таба аласыз.
3. Tik tok. Қазақстанда енді дамып келе жатқан тағы да бір табыс табу түрі.
4. Яндекс Дзен. Бұл жерде автор ретінде мақала жазып табыс таба аласыз. Тек мақалаңыз қызықты және көп оқырмандар оқуы қажет.
5. Яндекс Толоко. Көп табыс келеді деп айта алмаймын, бірақ сіз шығармашылық адамы болмасаңыз, тек офистерде компьютер алдында жұмыс істеп үйреніп қалсаңыз. Онда яндекс толоко сізге арналған. Бұл жерде белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы табыс таба аласыз.
6. Реферальдық сілтеме немесе партнерская программа. Дүкен мен сатып алушы арасында қарым-қатынас қалыптастырасыз. Сіз белгілі бір тауарды сипаттап оны әлеуметтік желіге салып және оны қай жерден алу керек екенін реферальдік сілтеме арқылы көрсетсеңіз. Сіздің көрсеткен сілтеме арқылы өткен әр бір тұтынушыдан сізге пайда түседі. Өз үлесіңізді алып отырасыз.
7. Сайт. Ғаламтор желісінде өзіңіздің сайтыңызды ашып, оны жақсы жүргізсеңіз. Жеке сайтыңыздағы жарнама арқылы табыс таба аласыз.
8. Онлайн курс. Қазір барлығы білімге бет бұруда. Оның ішінде тез әрі қашықтан білім алу түрі онлайн курстарға күннен күнге сұраныс артуда. Егер сіз бір саланың эксперті болсаңыз, онда онлайн курс өткізу арқылы табысты бола аласыз.
Бұл негізгі түрлері. Қазіргі пандемия жағдайында барлығы онлайынға ауысып, табыс табу түрлері оданда көбеюде. Егер ғаламтор арқылы онлайн табыс табуды көздеп жүрсеңіз, сізде бұл жерде өз орныңызды табатыныңызға сенімдімін. Бірақ бір істің басын бастамас бұрын ол туралы көп мағлұмат жинақтаңыз. Ең бірінші білім жинақтаңыз, содан кейін барып іс-әрекетке көшіңіз. Себебі ғаламторда бәрі қолжетімді болып көрінгенмен, білімсіз сіз үлкен теңіздегі кішкентай қайық сияқты көздеген жеріңізге бұл жағдайда табысқа жете алмауыңыз мүмкін.