Өзбекстанның Наманган облысы Нарын ауданында 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп қайтыс болған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. 18 және 23 жастағы ер адамдар қызды көлікке отырғызып алып қашпақ болған. Бірақ бойжеткен көліктен секірген кезде алған жарақатынан көз жұмған.
Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен. Орталық Азия елдерінде қыз алып қашу кең жайылған.
Қырғызстанда алып қашқан қызды үйіне қайтару ұят деп саналады да, сол үйге қалдырып кетеді. Бірақ бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы жылдары қыз алып қашу бойынша милицияға өтініш түсірушілер көбейген.
Тағы оқыңыз → «Адалдығына күмәнданған»: Күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін мәжбүрлеп тексерген
Тағы оқыңыз → «Қолында пышағы болды». Бұрынғы күйеуі соққыға жыққан әйел көпшіліктен көмек сұрады
Тағы оқыңыз → «Тыржалаңаш фотоңды салам деді»: Түсіпбаева өзін белгісіз біреулердің бопсалағанын айтты