Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

422-ші Қара пайым-сөз: Орыстардың «отпен ойнап отырғанын» білдіру үшін астарына алаулатып от жағу қажет

Өткендегі жазбама Ахмет Өмірзақ бауырым «Не істеу керегін тек Досым Сәтпаев қана айтты бір сұхбатында» деген еді. Егер Ахаңның айтқаны Досымның мына пікірі болса: https://ult.kz/post/dosym-satbaev-reseylik-deputattyn-malimdemesine-pikir-bildirdi?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.comбұл істер жеткіліксіз. Орыстардың «отпен ойнап отырғанын» білдіру үшін астарына алаулатып от жағу қажет. Бүгін таң алдында бір түс көрдім: «Әскери киім киген нұқыл қазақтың полковник-генералдары, мемлекет басшылары үлкен карта алдында тұр. Лейтенант шеніндегі бір қазақтың жас қызы жыларман болып үлкен басшыларға «қазақты қорғау үшін орыс еліндегі 40 млн. түркі халқын көтеруіміз керек» деп нақты жоспарларын айтып жатыр. Ой, тоба-ай, кенет әлгі қызды қоршап тұрған әскерилер мен мемлекет басшыларына көзім түсіп кетіп «селк» ете қалдым. Олар әлгі Отанын қорғамақ болып жанталасқан қызға жиіркенішпен қарап, тірідей талап-жеп қойғалы тұр». Әлгі түсімнен өзім де шошып оянып, ұзақ уақыт мең зең болып отырдым. Түнімен бір бақыр арақ ішкендей дәл қазір басым қақырап ауырып отыр. Бұл не түс болғаны, ағайын?! Бүгінгі билік 30 жыл бойы қазаққа құлдық психология қамытын мықтап кигізіп, өзін құрметтемейтін қара құл еткенін бүгінгі жайдан көріп отырмыз. Бұттарына тышып қойған бала сияқты қазақтардың көздері бақырайып отыр. Әзірге қазақтың жерін қазақ емес, «әй, орыс, тарт қолыңды қазақтың жерінен!» деп өзге түркі тілдес елдер қорғаштап, шыр-пыр болып жанталасып жатқанын ғаламтордан көруге болады. Бұл адамзат тарихында болмаған «нон-сенс». Бүкіл бір елдің қысқа уақыт ішінде түгелдей топас-надан, малдарға айналғаны ешқашан болған емес. Бар қолымыздан келгені мұрнымыздың астынан мыңқылдап бірнәрсе айтқан боламыз. Ертеңгі күні анау орыстар елімізге расында да баса-көктеп кірсе, жылыстап қашуға дайын отырған сияқтымыз. Осы әсер санамнан да, ойымнан да кетер емес. Бүкіл қазақты бір үлкен «Қара молда» миларын айналдырып дұғалап байлап тастағандай...