Ортаға глобусты орнатып, он адамды айналдыра отырғызып қойып, не көріп тұрсың? – деп сұрасаң, он адамның бәрі көзіне көрініп тұрған – көлдің, теңіздің, мұхиттың, елдің және т.б. атауларын айтатыны даусыз. Бірақ олардың ішінде бірде-бір адам – глобусты көріп тұрмын деп айтпайды. Философияның заңдары мен санаттары жалғыз ақиқатты іздейді. Бірақ оны көрмейді. Сол себепті әлемде жарты ақиқаттар көбейіп, елдің есі шығып, жындануға айналды. Мұның дәлелі бар ма? – деп сұрарсыз. Әрине, бар. Оның дәлелін төменде келтіріп отырмын.
Орыстың ақиқық ақыны М.Лермонтовтың «Прощай, немытая Россия!» деген өлеңі бар. Екі шумақ өлеңнің мәтіні мынау:
«Прощай, немытая Россия,
Страна рабов, страна господ,
И вы, мундиры голубые,
И ты, им преданный народ.
Быть может, за стеной Кавказа
Укроюсь от твоих пашей,
От их всевидящего глаза,
От их всеслышащих ушей».
Суын ішкен өз құдығына түкірген жынды Жироновскийдің сөздеріне кіжініп, осы өлеңді бір кездері былай аударған екенмін:
«Шошқа жеп – санасы сасыған орыстар,
Құлы да, байы да, елміз деп бақырған,
Жарты құдай сезінген жарым естерге,
Қош бол, сорлы ел, бас ұрып бағынған.
Шынды айтып, тегіс жерде жығылдым,
Қап тау асып жындылардан тығылдым,
Зәрлі көздерден тығылар жер таппадым,
Ойыңды еститін құлақтан да шаршадым».
Кеше (https://abai.kz/post/125772?utm_referrer) дәл осы өлеңді қазақтың танымал ақындары былайша аударғанын жариялапты:
Ұлықбек Есдәулет:
«Қош бол, Ресей, кірлеген,
Байдың елі, құл менен.
Қош бол,
көкшіл шендер де,
Шенқұмар жұрт,
сендер де!
Кавказ асып, жырақ мен,
Қашам қаңқу сөздерден,
Бәрін естір құлақ пен
Бәрін көрер көздерден».
Светқали Нұржан (Айтман):
«Құлдар менен құдайлардың отаны,
Қош, Ресей, батқан батпақ, сорға анық.
Қош болыңдар, көк шекпендер оқалы
Һәм оларға құлақкесті қор халық.
Қап тауында, бәлкім, еркін сезінем,
Қалады артта кілең тақсыр қырағы -
Қалады оның бәрін көргіш көзі мен
Бәрін естіп қойғыш кәрлі құлағы».
Мерей Қарт:
«Қош Ресей, ластанған шаhaры,
Құлдар мен Байлардың отаны.
Сіздер де, халық та жанкешті,
Әскер де аянбас оқалы!
Шоқпарға мойымай, тік қарар,
Сөздерден, көздерден сұқтанар,
Тым қағыс еститін құлақтан,
Кавказдың қырлары құтқарар!».
Айбек Ережеп:
«Қош, Ресей, кешкен сор, күнәні,
Зорлар мен құлдардың тұрағы,
Сендерде көгілдір оқалар,
Байғұс ел- ләппай ұраны.
Пана іздеп Кавказдың өзінен,
Бәлкім, мен бәрінен безінем,
Олардың тіміскі көзінен,
Тік құлақ, және жел сөзінен».
Бұл аудармаларда мәселе қай ақынның М.Лермонтовтың өлеңін жақсы аударғанында емес. Мәселе, орыстардың айуандығын («глобус» мәселесі) дәл басып әшкерелеуде. Қайсы ұлт пен ұлыста болмасын, аузыңнан ақ көбігің ағып, қанша керісінше дәлелдеуге тырыссаң да, ой-пікір алуандығы ешқашан бірдей болмайды, ол сонысымен құнды! Біздің отанымызда ой-пікір алуандығы тек бір адамның ғана айтқандары төңірегінде топтасуын қоймаса, қазақ ұлты күндердің-күнінде орыстарға не болмаса көлденең көк атты біреуге жем болатыны даусыз. Қазақты, түбінде ел қылатын, жасасын, ой-пікір алуандығы!